Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 31 қазан 2026 $ 452,9↓€ 506,6↓₽ 5,57↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қызылордадағы жантүршігерлік жол апаты: Ауыр жарақат алған анасы есін жиды • Қазақстандықтар Хэллоуинді сирек атап өтетін болды • Мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт боты іске қосылды • Юлия Такшина анорексиядан екі рет ауруханаға түскенін айтты • 2026 жылғы 31 қазандағы барлық зодиак белгілеріне арналған күнделікті жұлдыз жорамалы • Қазақтың киіз өнері әлемдік рекордқа тіркелді: 500 туынды сертификатталды • Қызылордадағы жантүршігерлік жол апаты: Ауыр жарақат алған анасы есін жиды • Қазақстандықтар Хэллоуинді сирек атап өтетін болды • Мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт боты іске қосылды • Юлия Такшина анорексиядан екі рет ауруханаға түскенін айтты • 2026 жылғы 31 қазандағы барлық зодиак белгілеріне арналған күнделікті жұлдыз жорамалы • Қазақтың киіз өнері әлемдік рекордқа тіркелді: 500 туынды сертификатталды •

    Түркия Газаның солтүстігіне орта мектеп салып берді

    Түркия Газаның солтүстігіне орта мектеп салып берді

    Фото: newarab.com

    Газа секторында Түркияның «Адам құқықтары мен бостандықтары гуманитарлық көмек қоры» (İHH) қаржыландырған, ағаштан салынған жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді. Бұл туралы Анадолы агенттігі жазды, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпараттық порталы. 

    Салтанатты ашылу рәсіміне Газа секторындағы орта және жоғары білім министрінің орынбасары Махмуд Матар, Газа қаласының мэрі Яхья ас-Серрадж, İHH қорының Газадағы өкілі Эшреф Джерраде, қордың жобалар директоры Ала Абу Хашим, сондай-ақ жергілікті билік өкілдері мен ата-аналар қатысты.

    Махмуд Матар жаңа мектепті білім беру жүйесінің қиын кезеңіндегі үміт сәулесі деп атады. Оның сөзінше, Израильдің шабуылдары салдарынан 20 мыңнан астам оқушы мен 1200-ден аса білім саласының қызметкері опат болған. Оқу орындарының 92 пайызына зақым келген. Сектордағы білім беру жүйесін қалпына келтіруге жоқ дегенде бес жыл қажет екені белгілі болды.

    Газа қаласының әкімі Яхья ас-Серрадж Түркияға алғыс білдіріп, бұл мектеп Газа секторының солтүстігіндегі қираған аймақтарда білім беруді қайта жандандыруға мүмкіндік беретінін жеткізді. Ал İHH жобаларының директоры Ала Абу Хашимнің айтуынша, бұл Газа секторының солтүстігіндегі толығымен ағаштан салынған алғашқы мектеп. Жоба Палестина халқына гуманитарлық әрі моральдық қолдау аясында іске асқан. Осылайша Түркияның қолдауымен қолға алынатын білім беру бастамаларының бастауы болмақ.

    Жаңа мектеп 8 сынып бөлмесінен тұрады және онда 1200-ге жуық оқушы білім алады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →