Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 4 қазан 2026 $ 448,4↑€ 504,6↑₽ 5,36↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада түнде әскери техника көбейді: Мемлекеттік күзет қызметі себебін атады • Алматыда Қызыл кітаптағы ителгілерді Қатарға әкетпек болғандар сотталды • Гүлзира Айдарбекова ұлын сынаушыларға жауап берді • Қазақстан гимнастары Азия ойындарында топтық көпсайыста қола жүлде алды • Ақтауда кәмелетке толмаған науқастың қайтыс болуына қатысты хирург ұсталды • Қазақстандық оқушылар жасаған NIS RocketQube спутнигі орбитаға шығарылды • Астанада түнде әскери техника көбейді: Мемлекеттік күзет қызметі себебін атады • Алматыда Қызыл кітаптағы ителгілерді Қатарға әкетпек болғандар сотталды • Гүлзира Айдарбекова ұлын сынаушыларға жауап берді • Қазақстан гимнастары Азия ойындарында топтық көпсайыста қола жүлде алды • Ақтауда кәмелетке толмаған науқастың қайтыс болуына қатысты хирург ұсталды • Қазақстандық оқушылар жасаған NIS RocketQube спутнигі орбитаға шығарылды •

    Ауыр қылмыс жасаған: Алматы облысында халықаралық іздеуде жүрген Тәжікстан азаматы ұсталды

    Ауыр қылмыс жасаған: Алматы облысында халықаралық іздеуде жүрген Тәжікстан азаматы ұсталды

    Фото: Polisia.kz

    Алматы облысында мемлекетаралық іздеуде болған Тәжікстан Республикасының азаматы қолға түсті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, 30 қаңтарда «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында облыс аумағында іздеуде жүрген тұлғаларды анықтауға бағытталған локальды-рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылған.

    Жедел-іздестіру шаралары барысында республикалық маңызы бар Алматы – Бішкек автожолы бойында орналасқан қоғамдық тамақтану орындарының бірінде жас жігіт ұсталған. Тексеру нәтижесінде оның 1994 жылы туған, Тәжікстан Республикасының азаматы екені анықталды. Күдікті Тәжікстанның қылмыстық заңнамасына сәйкес ауыр қылмыстар жасады деген күдікпен мемлекетаралық іздеуде болған.

    Бұған дейін аталған азаматқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған. Қазіргі уақытта ол Қарасай аудандық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалып, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес барлық қажетті процессуалдық іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →