Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады

    Әйелге қол көтерген шенеунік: Министрлік оны қызметінен қууды талап етті

    Желіде әйелге қол көтерген видеосы тараған Сурдлимпиада комитетінің вице-президенті Арсен Шакуовты қызметінен босату ұсынылды.

    Әйелге қол көтерген шенеунік: Министрлік оны қызметінен қууды талап етті
    file_262.jpg

    Әлеуметтік желіде әйелге күш көрсеткен видеосы тарап кеткен Сурдлимпиада комитетінің вице-президенті Арсен Шакуовты қызметінен босату ұсынылды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    15 қаңтарда әлеуметтік желілерде ер адамның әйелге физикалық күш қолданып, қорқытып, балағаттағаны түсірілген видео тараған болатын. Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды.

    Бүгін бұл мәселеге қатысты Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов үкімет отырысынан кейінгі брифингте мәлімдеме жасады.

    «Бүгін министрлік Сурдлимпиада комитетіне кезекті жиналыс өткізіп, аталған азаматты вице-президент қызметінен босатуды ұсынды. Спорт министрлігі бұдан былай бұл адаммен сурдспорт бағытында жұмыс істемейді», — деді Мырзабосынов.

    Министрдің сөзінше, комитет басшылығы министрліктің ұсынысын орындап, тиісті шешім қабылдауы тиіс.

    Арсен Шакуов / Фото: Instagram желісіндегі жеке парақшасынан

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →