Басты бет » Қазақстанға -38 аяз келеді: «Қазгидромет» дауылды ескерту жасады

Қазақстанға -38 аяз келеді: «Қазгидромет» дауылды ескерту жасады

file_79.jpg

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы күрт төмендеп, кей өңірлерде 38 градусқа дейін аяз болады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының болжамынша, ел аумағына суық антициклон жылжып келеді. Ол республика бойынша тез таралып, алдымен солтүстік аймақтарда, содан кейін Қазақстанның қалған бөлігінде ауа райының айтарлықтай өзгеруіне әкеледі.

«14 қаңтарда солтүстік, ал 15 қаңтарда шығыс өңірлерде түнде термометр бағаны -30…-38 градусқа дейін төмендейді», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, елдің солтүстік жартысындағы кей аудандарда желдің екпіні секундына 28 метрге жетуі мүмкін. Осыған байланысты синоптиктер тұрғындарға жылы киінуге және жолда сақ болуға кеңес береді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика