Астанада екінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары онлайн оқиды

Фото: istockphoto.com

Бүгін, 12 қаңтар күні екінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары сабақты қашықтан оқитын болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Қалалық білім беру басқармасының мәліметіне сүйенсек, бұл ауа райының нашарлауына байланысты шара.

«2026 жылы 12 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауысты», — деп хабарлайды білім басқармасы.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, боран соғып тұр.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика