АҚШ президенті Дональд Трамп Ирандағы наразылық білдірушілерге көмектесуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Ол бұл туралы өзінің TruthSocial әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
«Иран, бәлкім, бұрын-соңды болмағандай азаттыққа ұмтылып жатқан болар», — делінген Трамптың хабарламасында.
Бұған дейін ол егер билік бейбіт шерушілерге оқ атса, АҚШ Иранға араласып, соққы беруі мүмкін екенін ескерткен болатын.
Осы оқиғалар аясында сенбі күні Иранның соңғы шаһының ұлы Реза Пехлеви наразыларды қала орталықтарын басып алып, ұстап тұруға үндеді. Сондай-ақ ол экономиканың негізгі секторларындағы жұмысшыларды жаппай ереуіл бастауға шақырды.
Пехлеви «ұлттық революция жеңіске жеткенде ұлы халқымен бірге болу үшін» Иранға оралуға дайындалып жатқанын да хабарлады.
Фото: Әлеуметтік желіден
