Колумбия президенті Густаво Петро Би-би-сиге берген сұхбатында АҚШ-тың оның еліне жасайтын әскери операциясының нағыз қауіп екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Петроның айтуынша, Америка Құрама Штаттары басқа елдерге өзінің «империясының» бір бөлігі ретінде қарайды және олар «басым державадан» «оқшауланған елге» айналу қаупімен бетпе-бет келуде. Бұл мәлімдеме Дональд Трамптың Колумбияға әскери шабуыл жасайды деген қатерінен кейін жасалған.
«Біз АҚШ-пен диалогты қалайдымыз, бірақ тарихымыз ірі армиялардың шабуылдарына қалай жауап бергенімізді көрсетеді», — деп қосты Петро.
Трамп Колумбия президентіне сақ болуға кеңес берген кейін, екі ел басшылары телефон арқылы сөйлескен. Петро бұл әңгіме риториканың біршама өзгергенін көрсетті деп санайды. Алайда, АҚШ билігімен келісімге қол жеткізу оңай болмай тұрғанын баяндады.
Петро АҚШ-тағы иммиграция заңын орындау бойынша агенттердің әрекетін сынап, оларды «нацистік бригадалар» деп атады.
Фото: ВВС
