Түнде, қаңтардың 9-ында, Ресей әскері Украинаға ракеталар және дрондармен жаппай шабуыл жасады. Ресейдің Қорғаныс министрлігі «Орешник» орта қашықтықтағы ракеталық кешенін қолданғанын растады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Украина бұл соққыға байланысты одақтастарынан «шешімтал әрекеттер» күтетінін білдірді.
«Мұндай соққы ЕО мен НАТО шекарасына жақында қауіп төндіреді және бұл — трансатлантикалық қауымдастық үшін сын», — деді Украина Сыртқы істер министрі Андрей Сибига.
Оның айтуынша, Киев БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын және Украина-НАТО кеңесінің отырысын өткізуге бастама көтермек.
