Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    Елімізде жанармай мен дизель бағасы қымбаттады

    Елімізде жанармай мен дизель бағасы қымбаттады

    Фото: Pixabay

    Елдегі мұнай өңдеу зауыттары бензин мен дизель отынының бағасын қымбаттатты. Бұл туралы Qazaqtoday.info ақпарат порталы LS дерегіне сүйене отырып хабарлайды.

    Жалпы республика бойынша жанармай бағасы орта есеппен 2 пайызға өскен. 2025 жылдың желтоқсан айында бір тонна шикі мұнайдың орташа құны 100,8 мың теңгеге жетіп, жылдық өсім де 2 пайызды құрады.

    Алайда кейбір өңірлерде баға айтарлықтай жоғарылаған. Маңғыстау облысында шикі мұнай бірден 11,5 пайызға қымбаттап, тоннасы 114,3 мың теңге болды. Қызылорда облысында өсім 8,7 пайызды құрап, баға 116,6 мың теңгеге жетті. Ал Ақтөбе облысында мұнай құны 4,5 пайызға артып, бір тоннасы 120,4 мың теңгеден сатылған.

    Шикізат бағасының көтерілуі жанармай нарығына тікелей әсер етті. Соңғы бір жыл ішінде бензин бағасы 19,3 пайызға өсіп, бір тоннасының орташа құны 197,7 мың теңгені құрады. Жазғы дизель отыны 15,7 пайызға қымбаттап, тоннасы 261,6 мың теңгеге жетсе, қысқы дизель отыны 2,8 пайызға өсіп, 231,7 мың теңге деңгейінде қалыптасты.

    Сарапшылардың пікірінше, мұнай бағасының өсу үрдісі сақталса, алдағы уақытта жанармай құны тағы да қымбаттауы ықтимал.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →