Қысқы демалысқа таптырмас: Қазақстандағы 13 танымал шаңғы бағыты аталды

Фото: pexels.com

Еліміздегі қысқы туризм нысандарында биылғы маусымда қауіпсіздік пен инфрақұрылым сапасы жіті бақыланатын болады. Туризм және спорт министрлігі Қазақстандағы ең танымал 13 шаңғы бағытын жариялады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Алматы маңы

Shymbulak – күрделілігі әртүрлі 20 км ұзындықтағы жолақтары, аспалы жолдары мен жабдықты жалға беру қызметтері бар тау шаңғы курорты. 2023 жылы әлемдегі ең биік түнгі шаңғы трассасы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген. Қосымша қызметтер: зиплайн, атпен серуен, парапланмен ұшу, конькимен сырғанау.

Pioneer – ұлттық парк аумағында 2000 метрден биікте орналасқан отбасылық тау курорты. Жолақтардың ұзындығы – 3 км. Бастапқы дайындықтағы адамдарға да, кәсіби спортшыларға да қолайлы. Курорт жыл бойы жұмыс істейді: жаяу серуен, отбасылық бағдараламалар және жабдық жалға беру қызметі бар.

Алматы облысы

Oi-Qaragai – барлық маусымда демалуға болатын отбасылық тау курорты. 28 км құрайтын 15 трасса, демалыс орындары және ойын-сауық алаңдары бар. Қосымша ұсыныстар: арқан бағы, атқора, садақ ату, пейнтбол мен экскурсиялар.

«Ақ Бұлақ» – беткейлерінде күрделі және фрирайд бағыттары бар биік таулы курорт. Ұзындығы 2,5 км трассаларға көтерілу – 8-13 минутты алады. Қосымша: денсаулықты қалпына келтіру бағдарламалары, квадроциклдер қолжетімді.

Ақмола облысы

Orman Ski Resort – Щучинск-Бурабай курорттық аймағында орналасқан. 800 м жолақтары, аспалы жол, түнгі жарықтандыру мен шаңғы мектебі бар. Қосымша: тюбинг, снегоходпен жүру, қарағайлы орманда серуендеуге мүмкіндік бар.

Elikti Park – Көкшетаудан 25 км жерде орналасқан. 4 км трасса, түрлі көтергіштер мен жабдық жалға алу пункттері бар. Белсенді демалысқа арналған кеңістік: шаңғы, сноуборд, тюбинг, коньки, ашық ауада серуен.

«Нұртау» базасы – 800 м кабельді жолмен жабдықталған, сноутюбтерге арналған жолақтары бар.

Шығыс Қазақстан облысы

«Алтай Альпілері» – Өскеменнен 24 км қашықтықта. 12 беткейі бар, ең ұзын трасса – 4,5 км. Маусым: қарашадан сәуірге дейін. Қызметтер: инструкторлар, жабдықтар, пантолечение, монша, балық аулау, атпен серуендеу, арқан паркі.

«Нұртау» – қаладан 35 км жерде. Жолақтар 2 км, фрирайд алаңдары, коттедждер мен балаларға арналған аймақтар бар. Қосымшасы: тюбинг, монша, от алаңы, снегоходпен экскурсиялар.

Stardust Camp – Верхняя Хариузовка ауылында орналасқан. 1000 м бугельдік көтергіш, тюбингке арналған алаң, қонақүй және глэмпинг нұсқалары бар.

«Эдельвейс» – 1300 м ұзындықтағы кәсіби слалом трассалары бар. Қосымша: таулы жорықтар, конькимен сырғанау.

Түркістан облысы

«Алатау» курорты – Төле би ауданындағы Нысанбек ауылында орналасқан. Қыста – шаңғы, сноуборд, тюбинг, снегоход қызметтері. Трасса ұзындығы – 1800 м. Қосымша: қарлы аяқкиіммен серуен, атпен жүру, отбасылық бағдарламалар.

Павлодар облысы

«Мырзашоқы» базасы – Қаражар ауылы маңында. 960 м трасса және көтергіш жол бар. Тұру қарастырылмаған. Қосымша: тюбинг, серуендеу, снегоходпен жүру, қысқы пикниктер мен экскурсиялар.

«Біздің мамандар барлық курорттарға мониторинг жасап, инфрақұрылымның ұлттық стандарттарға сәйкестігін, қауіпсіздік деңгейін және санитарлық нормалардың сақталуын тексереді», — деп атап өтті министрлік.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика