Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады

    Қазақстанда жекеменшік мектеп пен ауруханаға қаржыландыру жүйесі өзгереді

    Жекеменшік мектептер мен ауруханаларды қаржыландыру тәсілі жаңарады. Аудит ірі заңбұзушылықтарды анықтады.

    Қазақстанда жекеменшік мектеп пен ауруханаға қаржыландыру жүйесі өзгереді

    Фото: pexels.com

    Қазақстанда жекеменшік білім беру мен медициналық ұйымдарды мемлекет тарапынан қаржыландыру тәртібі қайта қаралады. Бұл шешімді бүгін, 6 қаңтарда өткен үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Бектенов орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға негізсіз қаржыландыруларды тоқтатуды тапсырды. Оның айтуынша, кейбір мектептер мен ауруханаларда жасанды түрде оқушы мен мұғалім саны көбейтіліп, қосымша субсидия алуға тырысқан жағдайлар бар.

    «Жоғары оқу ақысы бар кейбір жекеменшік мектептерге ерекше назар ауып отыр. Мұндай «элиталық» мектептер ата-аналар есебінен толыққанды жұмыс істей алатындықтан, оларды мемлекеттік қаржыландыру қисынсыз», – деді Премьер-министр.

    2025 жылдың қарашасынан бері елде жекеменшік мектептер үшін мемлекеттік тапсырыс беру жүйесі пилоттық режимде іске қосылған еді. Бұл бағытта келісімшарттар мен төлемдер цифрландырылды. OrtaBilim сервисінің 2025 жылғы деректері бойынша, қазіргі таңда e-Qazyna.kz порталында 789 жеке мектеппен жалпы 78,7 млрд теңгеге келісімшарт жасалған (бұл көрсеткіш 2025 жылы 845 мектепті қамтыған).

    Алайда аудит нәтижесінде көптеген құқықбұзушылықтар анықталды:

    • 1333 оқушы бір мектептен келесіне 5-тен 12 ретке дейін заңсыз ауыстырылған;
    • 64 жекеменшік мектеп оқушы санын жобалық шектен екі есе артық қабылдаған;
    • 167 мектеп 2024 жылы табысын салық органдарына мүлде көрсетпеген.

    Мемлекеттік аудит департаменттері тиісті ескертпелерін жолдап, аталған мектептерге 1,2 млрд теңге салық төлеуге мәжбүр болған. Қазіргі уақытта тағы 46 мекеме тексерілуде.

    Сонымен қатар, 6887 мемлекеттік мектеп пен балабақша, университетті толық цифрландыру жоспарда бар.

    «Жекеменшік ұйымдардың лицензия алу тәртібіне де өзгерістер енгізу мәселесі қаралуда. Сонымен қатар, жеке медициналық қызмет сапасын арттыру үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері қайта талданып жатыр», – деп хабарлады үкімет.

    Премьер-министр Бектенов тиісті министрліктерге бір апта ішінде нақты ұсыныстар енгізуді тапсырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →