Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 29 тамыз 2026 $ 463,4 539,7 5,42
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда жаңа заңнамалық нормалар күшіне енді Непал–Тибет шекарасындағы көшкін: Қытай билігі екінші су тасқыны болуы мүмкін екенін ескертті Вьетнамнан Алматыға ұша алмай жатқан қазақстандық туристер Әділет Жауғашар «Сүй, иә» әнінің даулы мәтінін өзгертті Алматы облысында 21 жастағы Диананың өлімі: туыстары суицид нұсқасына күмән келтіруде Ересектерге арналған контент жұбайларды ажырасуға апара ма? Қазақстанда жаңа заңнамалық нормалар күшіне енді Непал–Тибет шекарасындағы көшкін: Қытай билігі екінші су тасқыны болуы мүмкін екенін ескертті Вьетнамнан Алматыға ұша алмай жатқан қазақстандық туристер Әділет Жауғашар «Сүй, иә» әнінің даулы мәтінін өзгертті Алматы облысында 21 жастағы Диананың өлімі: туыстары суицид нұсқасына күмән келтіруде Ересектерге арналған контент жұбайларды ажырасуға апара ма?

    Бибісара Асаубаева FIDE шахмат тәжіне үміткер атанды

    Бибісара Асаубаева FIDE шахмат тәжіне үміткер атанды

    Фото: Туризм және спорт министрлігі

    Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) әлем чемпионы атағына таласатын үміткерлердің ресми тізімін жариялады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Әйелдер мен ерлер арасындағы кандидаттар турниріне сегіз-сегізден спортшы қатысады. Шахматсүйер қауым асыға күтетін дода Кипрдің оңтүстік-батысында, Пафос қаласына жақын орналасқан қонақүйде өтеді. Турнир 29 наурыз бен 15 сәуір аралығына жоспарланған.

    Ерлер арасындағы үміткерлер қатарында Андрей Есипенко (Ресей), Фабиано Каруана, Хикару Накамура (АҚШ), Аниш Гири (Нидерланды), Маттиас Блюбаум (Германия), Вэй И (Қытай), Жавохир Синдаров (Өзбекстан) және Рамешбабу Прагнанандха (Үндістан) бар.

    Ал әйелдер арасындағы кандидаттар тізіміне Қазақстан атынан сынға түсетін Бибісара Асаубаева, сондай-ақ Александра Горячкина, Екатерина Лагно (Ресей), Чжу Цзиньэр, Тань Чжунъи (Қытай), Дивья Дешмукх, Хампи Конеру және Рамешбабу Вайшали (Үндістан) енді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →