Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады

    Боран салдарынан үш облыста жол жабылды: Қай өңірлерде қозғалыс тоқтатылды

    Боран мен көктайғақ салдарынан Қарағанды, Ақмола және Павлодар облыстарында жолдар уақытша жабылды.

    Боран салдарынан үш облыста жол жабылды: Қай өңірлерде қозғалыс тоқтатылды

    Фото: pexels.com

    Ауа райының күрт құбылуына байланысты Қарағанды, Ақмола және Павлодар облыстарында бірнеше республикалық жол учаскелері көлік үшін уақытша жабылды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Қарағанды облысында шектеу мына жолдарда енгізілді:

    • «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» жолының Молодежный ауылынан Павлодар облысы шекарасына дейінгі бөлігі (1067-1135 шақырым);
    • «Қалқаман — Баянауыл — Үміткер — Ботақара» жолының Павлодар облысы шекарасынан Ботақара ауылына дейін (231-324 шақырым);
    • «Астана — Қабанбай батыр — Нұра — Теміртау» жолының Ақмола облысы шекарасынан Нұра елді мекеніне дейін (51-101 шақырым).

    Ақмола облысында:

    • «Астана — Қабанбай батыр — Нұра — Теміртау» жолының Қабанбай батыр ауылынан Қарағанды облысы шекарасына дейінгі аралығы (35-51 шақырым).

    Павлодар облысында жабылған учаскелер:

    • «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» жолының Қарағанды облысы шекарасынан Шідерті ауылына дейінгі бөлігі (1135-1206 шақырым);
    • «Қалқаман — Баянауыл — Үміткер — Ботақара» жолы толықтай (0-231 шақырым), яғни Қалқаман ауылынан бастап Қарағанды облысы шекарасына дейін.

    Көлік қозғалысын қайта ашу 6 қаңтар күні сағат 22:00-ге жоспарланған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →