Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 24 қазан 2026 $ 449,2↑€ 503,8↑₽ 5,49↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    АҚШ-та 76 жастағы әйел бұрынғы күйеуі мен оның сүйіктісін атып өлтірді • Қазақстанның бес облысында жазғы шинамен жүруге шектеу қойылды • Ресей дәрігері: үйленген әйелдер мен аналар ұзағырақ өмір сүреді • Оралда Республика күніне орай «Хан тоғайы» экологиялық саябағы ашылды • Алматыда Болат Назарбаевтың бейнесі түсірілген сағат 600 мың теңгеге сатылуда • Астанада демалыс күндері қар жауа ма? Синоптиктер болжамы • АҚШ-та 76 жастағы әйел бұрынғы күйеуі мен оның сүйіктісін атып өлтірді • Қазақстанның бес облысында жазғы шинамен жүруге шектеу қойылды • Ресей дәрігері: үйленген әйелдер мен аналар ұзағырақ өмір сүреді • Оралда Республика күніне орай «Хан тоғайы» экологиялық саябағы ашылды • Алматыда Болат Назарбаевтың бейнесі түсірілген сағат 600 мың теңгеге сатылуда • Астанада демалыс күндері қар жауа ма? Синоптиктер болжамы •

    «Қара бала жетіспей тұр»: Тамара Асар ұлынан айырылған күйеуінің суретін жариялады (ФОТО)

    «Қара бала жетіспей тұр»: Тамара Асар ұлынан айырылған күйеуінің суретін жариялады (ФОТО)

    Фото: Әлеуметтік желі 

    Танымал әнші Тамара Асар жаңа жылды қасиетті Мекке қаласында қарсы алды. Өнер иесі отбасымен бірге умра қажылығына аттанып, Қағбада құлшылық жасағанын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Желіде жарияланған фотолардан әншінің жолдасымен бірге қасиетті мекенде жүргенін көруге болады. Жазбасында Тамара Асар жаңа жылға арналған ақжарма тілегін жеткізіп, енді ғана басталған 2026 жылдың әр күні берекелі әрі игі істерге толы болуын тіледі.

    «Ардақты ағайын! Жаңа жылдың ашылар есігі құт-берекемен ашылсын. Жаңарып келген 2026 жыл әр күнімізді жақсылықпен жалғастырсын. Еліміздің, жеріміздің, отанымыз бен отбасымыздың амандығы мен бірлігін тілейміз. Алла қабыл етсін», – деп жазды әнші.

    Айта кетейік, Тамара Асардың қасиетті сапардан жүктеген суреттері қысқа уақыт ішінде мыңдаған лайк жинап, желі қолданушылары арасында кеңінен тарады.

    Пікір қалдырған оқырмандар әншіге ізгі тілектерін білдіріп, «Ниетіңіз қабыл болсын», «Жүрек тыныштығы орнасын», «Қасиетті сапарыңыз құтты болсын» деген жылы лебіздерін жазды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →