Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    Шымкенттегі түрмеде азаптау ісі: Үш қызметкер қамауға алынды

    Шымкентте түрме қызметкерлері сотталушыларды азаптады деген күдікке ілініп, қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

    Шымкенттегі түрмеде азаптау ісі: Үш қызметкер қамауға алынды

    Фото: pexels.com

    Шымкент қаласындағы түзету мекемесінде үш қызметкер қамауға алынды. Оларға жазасын өтеушілерге күш қолданды деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Тергеу барысында белгілі болғандай, 2025 жылдың жазында бір сотталушыны мекеме қызметкерлері соққыға жыққан. Артынша тағы бір тұтқынды да ұрып-соғып, жағын сындырып жібергені анықталды.

    «Прокуратура бұл фактілер бойынша тексеру жүргізіп, қылмыстық іс қозғады. Алғашында іс ҚК-нің 362-бабы бойынша тіркелсе де, кейін қинау бабына, яғни 146-баптың 3-бөлігіне ауыстырылды. Сонымен қатар, зардап шеккендерге дер кезінде көмек көрсетпегені үшін медициналық персонал да жауапкершілікке тартылды», — делінген ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің мәліметінде.

    Күдіктілер уақытша қамауға алынып, тергеу жалғасуда. Сонымен қатар, омбудсмен түзету мекемесінің басқа қызметкерлерінің әрекеттерін де қайта қарау жөнінде жоғары органдарға сұраныс жолдады.

    Айта кетейік, жуырда Ақмола облысында Атбасар колониясының 12 қызметкері де азаптау ісі бойынша толық ақталып шықты. Алқабилер бұл жағдайда «қылмыс құрамы жоқ» деген шешім шығарды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →