Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    «93 жасыңда өлесің!»: Көріпкелдің сөзін айтқан Мұхтар Шаханов желіні жарып жатыр

    Мұхтар Шаханов жас кезінде көріпкелден естіген тағдыры жайлы естелігін бөлісті – болжамдардың көбі орындалған.

    «93 жасыңда өлесің!»: Көріпкелдің сөзін айтқан Мұхтар Шаханов желіні жарып жатыр

    Фото: www.instagram.com

    Қазақстанның халық жазушысы, ақын Мұхтар Шаханов жастық шағында көріпкелмен кездесу оқиғасын баяндап, өз өліміне қатысты болжам туралы бөлісті.

    Ақын «1001 түн» бағдарламасына берген сұхбатында, жас күнінде бір белгісіз адамның қолын ұстап, өмір жолын болжағанын еске алды.

    Бұл туралы Qazaq.today порталы хабарлайды.

    Айтуынша, ол кезде Шымкентке ақшасыз барған жас Мұхтар базарды жаяу кесіп өтпек болады. Сол сәтте бетін шор боп кеткен бір адам оның қолын ұстап, тағдырын болжайды.

    «Сен бүкіл жер шарына белгілі боласың, сендей биікке ешкім көтерілмейді. 93 жасқа дейін өмір сүресің», – депті әлгі көріпкел.

    Көріпкелдің айтқандары қалай орындалды?

    Мұхтар Шаханов көріпкелдің көптеген болжамы шындыққа айналғанын айтады. Ол әлемнің барлық елінде болып, танымалдылыққа жеткенін растады.

    «Қазір 82 жастамын. Көріпкел айтқан 93 жасқа 11 жылдай уақыт қалыпты. Соны күтіп жүрмін», – дейді ақын әзіл-шыны аралас.

    Жазушының бұл әңгімесі әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, көпшіліктің қызығушылығын тудырды.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →