Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты

    Оқушы өліміне қатысты дау: Тәжікстан Ресейге нота жіберді

    Оқушы өліміне қатысты дау: Тәжікстан Ресейге нота жіберді

    Фото: exclusive.kz

    Мәскеу түбіндегі Одинцово елді мекенінде болған қайғылы оқиғаға байланысты Тәжікстан тарапы ресми мәлімдеме жасады. Жасөспірімнің қолынан қаза тапқан 4-сынып оқушысының ұлты тәжік екені анықталғаннан кейін, Тәжікстанның Сыртқы істер министрлігі істің әділ әрі объективті тергелуін талап етті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Ресми ақпаратқа сәйкес, 9-сынып оқушысы 4-сыныпта оқитын баланы пышақтап өлтірген. Осы оқиғадан кейін Тәжікстанның Ресейдегі елшілігіне наразылық нотасы жолданған. Тәжік тарапы бұл қылмыс ұлттық араздық негізінде жасалған болуы мүмкін деген күдік білдіріп отыр. Қаза тапқан бала — Тәжікстан азаматы Әлиев Кобилджон.

    Тәжікстан СІМ ресейлік билікті кінәлілердің барлығын заң аясында қатаң жауапкершілікке тартуға шақырды. Сонымен қатар, Тәжікстанның ішкі істер министрі Рамазон Рахимзода Ресей ІІМ басшысы Владимир Колокольцевпен телефон арқылы сөйлесіп, тергеудің әділ әрі ашық жүргізілуін сұраған.

    Өз кезегінде Владимир Колокольцев бұл істің Ресей құқық қорғау органдарының қатаң бақылауында екенін айтып, тергеу жұмыстары заң талаптарына сай жүргізілетініне сендірді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →