Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 14 қараша 2026 $ 443,4↓€ 490,4↓₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев ҚТЖ-дан табыстылықты арттырып, кедергілерді жоюды талап етті • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде көлік-транзит саласын дамытуды тапсырды • Марат Омаров Нұрлан Өнербаевтың «Анашым» әнін неге орындамай жүргенін түсіндірді • Тоқаев «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жемқорлардан қорғауды тапсырды • «Ахи», «ухти», «ифтар» – ҚМДБ бұл сөздерді қазақша қалай айтуға болатынын түсіндірді • «Қорадағы малды айдап әкетеді»: Алматы облысында тұрғындар ұрыларға тосқауыл қоюды талап етті • Тоқаев ҚТЖ-дан табыстылықты арттырып, кедергілерді жоюды талап етті • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде көлік-транзит саласын дамытуды тапсырды • Марат Омаров Нұрлан Өнербаевтың «Анашым» әнін неге орындамай жүргенін түсіндірді • Тоқаев «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жемқорлардан қорғауды тапсырды • «Ахи», «ухти», «ифтар» – ҚМДБ бұл сөздерді қазақша қалай айтуға болатынын түсіндірді • «Қорадағы малды айдап әкетеді»: Алматы облысында тұрғындар ұрыларға тосқауыл қоюды талап етті •

    Жамбыл облысында 6 бала мінген екі көлік бір-бірімен соқтығысып қалды

    Жамбыл облысында 6 бала мінген екі көлік бір-бірімен соқтығысып қалды
    Фото: istockphoto.com

    Жамбыл облысының Жуалы ауданында, Алматы–Ташкент тасжолының 570-шақырымында екі жеңіл көлік қатысқан жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Алдын ала мәлімет бойынша, автокөліктерде барлығы 10 адам болған, олардың алтауы — кәмелетке толмаған балалар. Оқиға туралы хабар түскен соң, Жуалы ауданының құтқару қызметі жедел түрде жол апаты болған жерге жеткен.

    Құтқарушылар зардап шеккендерді көліктерден қауіпсіз шығарып, жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін алғашқы және психологиялық көмек көрсеткен.

    Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, екі адам медициналық қызметкерлердің күшімен аудандық ауруханаға жеткізілген, ал қалған жарақат алғандар құтқарушылар арқылы емдеу мекемесіне тасымалданған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →