Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 14 қараша 2026 $ 443,4↓€ 490,4↓₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстандық спортшылар халықаралық жарыстарда медаль алды және финалға шықты • Ким Клейстерс Рыбакинаның шаршау белгілерін байқағанын айтты • Мейрамбек Бесбаев домбырасының 15 миллион теңгеге сатылуын түсіндірді • «Бейбарыс» «Горнякті» овертаймда 3:2 есебімен жеңді • Жазира Байырбекова Ләйлә Сұлтанқызы мен Қарақат Әбілдинамен бас қосып, әзіл жазба жариялады • Тоқаев ұлттық қауіпсіздік органының есебін тыңдап, тапсырмалар берді • Қазақстандық спортшылар халықаралық жарыстарда медаль алды және финалға шықты • Ким Клейстерс Рыбакинаның шаршау белгілерін байқағанын айтты • Мейрамбек Бесбаев домбырасының 15 миллион теңгеге сатылуын түсіндірді • «Бейбарыс» «Горнякті» овертаймда 3:2 есебімен жеңді • Жазира Байырбекова Ләйлә Сұлтанқызы мен Қарақат Әбілдинамен бас қосып, әзіл жазба жариялады • Тоқаев ұлттық қауіпсіздік органының есебін тыңдап, тапсырмалар берді •

    «Мүгедек бала жүргіш анадан туады»: Астаналық блогер жауапқа тартылды

    «Мүгедек бала жүргіш анадан туады»: Астаналық блогер жауапқа тартылды

    Фото: видеодан скрин
    Астанада мүгедек балаларға қатысты қорлайтын сөздер айтқан блогер ұсталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Әлеуметтік желілерде ерекше күтімді қажет ететін балалардың ата-аналарын балағаттаған видео кең таралғаннан кейін, құқық қорғау органдары бұл дерек бойынша әкімшілік іс қозғады.

    «Бейнероликтің авторы анықталып, полицияға жеткізілді. Ұсақ бұзақылық бабы бойынша жиналған материалдар сотқа жолданады. Астана қалалық полиция департаменті желіде біреудің ар-намысына тиетін сөздер тарату заң алдында жауапкершілік жүктейтінін ескертеді», – делінген ресми хабарламада.

    Сонымен қатар, полиция азаматтарды желіде контент жүктегенде жауапкершілік танытуға, өзге адамдардың құқықтары мен сезімдеріне құрметпен қарауға және қоғамдық мораль мен этика талаптарын сақтау қажеттігін атап өтті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →