Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 30 қазан 2026 $ 455,3↓€ 507,3↓₽ 5,66↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан өңірлерінен келген фермерлер Алматыға арзандатылған бағамен 400 тоннадан астам азық-түлік әкеледі • «Амал жоқ, ұялдым…»: Дариға Бадықованың экс-күйеуі тағы бір жаңалығын айтты • Shymbulak халықаралық SKI BUSINESS AWARDS 2026 сыйлығының лауреаты атанды • Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына қосылуға шақыруды ұсынды • Ақтөбе облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты • Ақтөбе облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты • Қазақстан өңірлерінен келген фермерлер Алматыға арзандатылған бағамен 400 тоннадан астам азық-түлік әкеледі • «Амал жоқ, ұялдым…»: Дариға Бадықованың экс-күйеуі тағы бір жаңалығын айтты • Shymbulak халықаралық SKI BUSINESS AWARDS 2026 сыйлығының лауреаты атанды • Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына қосылуға шақыруды ұсынды • Ақтөбе облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты • Ақтөбе облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты •

    Жаңа пандемия қаупі: Құс тұмауы COVID-19-дан несімен қорқынышты?

    Жаңа пандемия қаупі: Құс тұмауы COVID-19-дан несімен қорқынышты?

    Фото:depositphotos.com

     

    Құс тұмауы қарапайым маусымдық аурудан асып, COVID-19 пандемиясынан да қауіпті жаһандық апатқа айналуы мүмкін бе? Францияның Пастер институтының ғалымдары дәл осы мәселеге алаңдаушылық білдіріп, әлемдік қауымдастыққа маңызды ескерту жасады.

    Басты қауіп неде?

    Институттың тыныс алу жолдары инфекциялары орталығының директоры Мари-Анн Рамейкс-Вельтидің айтуынша, қазір жабайы құстар мен сүтқоректілер арасында таралып жатқан вирус мутацияға ұшырауы мүмкін.

    Егер бұл вирус адамнан адамға жұғатын қабілетке ие болса, оның салдары коронавирустан да ауыр болуы ғажап емес.

    Сарапшының сөзінше, адам ағзасында кәдімгі маусымдық тұмауға (H1 және H3) қарсы иммунитет бар. Алайда, құс тұмауының H5 штамына қарсы біздің қорғаныс жүйеміз дәрменсіз. Бұл жағдай COVID-19 пандемиясының басталу кезеңін еске салады.

    Кімдерге қауіп төнуі мүмкін?

    Коронавирус негізінен қарттар мен созылмалы ауруы бар жандарға қауіпті болғаны белгілі. Ал мутацияланған тұмау вирусының айырмашылығы – ол тепсе темір үзетін сау адамдар мен балалардың өмірін де қиюы мүмкін.

    Жақында АҚШ-тың Вашингтон штатында H5N5 вирусын жұқтырған ер адамның қайтыс болғаны тіркелді. Бұл – аталған штамнан болған алғашқы өлім жағдайы. Дегенмен, сарапшылар мұндай жағдайлар көбіне ауру жануарлармен тікелей байланыста болғанда ғана жүзеге асатынын айтады.

    Үрейленуге негіз бар ма?

    Десе де, мамандар дүрбелеңге салынбауға шақырады. Мари-Анн Рамейкс-Вельтидің пікірінше, қазіргі әлем коронавирус кезіндегіге қарағанда мұндай қауіпке әлдеқайда жақсы дайындалған.

    Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының өкілі Грегорио Торрес те халықты сабырға шақырды. Оның айтуынша, жаһандық пандемия қаупі әлі де төмен деңгейде.

    «Қазіргі уақытта қатты алаңдауға себеп жоқ. Адамдар табиғат аясында демалып, тауық еті мен жұмыртқаны қорықпай тұтына бере алады», – деп сендірді маман.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →