Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 21 қазан 2026 $ 450,2↓€ 505,8↓₽ 5,44↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанның 13 компаниясы Орталық Азияның ең ірі 20 компаниясы қатарында • Өндірістік тәуекелдің алдын алу: «Қазақмыс» Сәтбаевта жаңа оқу базасын ашты • Атырауда ұлынан қорлық көрген қария сот алдында оқиғаны ұмытып қалды • Азия Пара ойындары: қоржынымыз тағы бір алтынмен толықты • Ақтөбе облысындағы шахтада 24 жастағы жұмысшы ажал құшты • Шекарадағы кептеліс қашан бітеді? Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәселе Мәжілісте көтерілді • Қазақстанның 13 компаниясы Орталық Азияның ең ірі 20 компаниясы қатарында • Өндірістік тәуекелдің алдын алу: «Қазақмыс» Сәтбаевта жаңа оқу базасын ашты • Атырауда ұлынан қорлық көрген қария сот алдында оқиғаны ұмытып қалды • Азия Пара ойындары: қоржынымыз тағы бір алтынмен толықты • Ақтөбе облысындағы шахтада 24 жастағы жұмысшы ажал құшты • Шекарадағы кептеліс қашан бітеді? Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәселе Мәжілісте көтерілді •

    Асу Алмабаев Дохада өткен UFC турнирінде жеңіске жетті

    Асу Алмабаев Дохада өткен UFC турнирінде жеңіске жетті

    Фото: inbusiness.kz

    Асу өз дивизионында жеңістер саны бойынша көшбасшылар қатарына қосылды.

    Асу Алмабаев (23–3, UFC 6–1) Дохада өткен UFC Fight Night 265 турнирінде кезекті жарқын жеңісіне қол жеткізді. Жеңіл салмақта бақ сынаған қазақстандық спортшы бұл жолы америкалық Алекс Переспен (25–10, UFC 7–6) кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.

    Үш раундқа жоспарланған шайқастың шешуші бөлігі – соңғы бес минуттықтың басында аяқталды. Алмабаев өзіне тән жылдамдық пен дәлдікпен гильотина тәсілін қолданды. Бұл қадамнан құтылудың амалын таппаған Перес амалсыз берілді. Жекпе-жек кезінде Асуға қолдау көрсеткен бұрышта Шавкат Рахмоновтың (19–0) тұрғаны да жанкүйерлердің ерекше назарын аудартты.

    2023 жылы UFC-дегі дебютінен бері Алмабаев өз дивизионында үздіктердің біріне айналды. Қазіргі кезеңде ол жеңістер саны бойынша көш басындағы спортшылар қатарында. Бұл тізімді америкалық Джошуа Ван көш бастап тұр. Оның еншісінде сегіз жеңіс бар. Алмабаев пен америкалық Чарльз Джонсон алты жеңіспен екінші және үшінші орындарға жайғасты.

    Осы кеште октагонға көтерілген тағы бір қазақстандық спортшы Бекзат Алмахан (12–3) UFC чемпионы Илия Топурияның ағасы Александр Топуриямен (7–1) кездескен еді. Өкінішке қарай, тартысты жекпе-жекте Бекзат қарсыласына жол берді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →