Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 13 қазан 2026 $ 449,8↓€ 502,6↓₽ 5,36↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Ақтауда 50 жыл жүрген тротуарды алып тастаған»: тұрғындар балаларымен көлік жолына шығуға мәжбүр • Сәкен Майғазиевтің анасы 89 жасында дүние салды • Азия ойындары: Махмуд Сабырханның жекпе-жегіне төрелік еткен қазылар жарыстардан шеттетілуі мүмкін • Telegram-дүкен арқылы есірткі сатқан топ мүшелері 16-17 жылға сотталды • Қайрат Нұртас концертін ұйымдастырушы үйқамаққа жіберілді • Қазақстанда тоғыз айда 356 мың жеке кәсіпкер есептен шықты • «Ақтауда 50 жыл жүрген тротуарды алып тастаған»: тұрғындар балаларымен көлік жолына шығуға мәжбүр • Сәкен Майғазиевтің анасы 89 жасында дүние салды • Азия ойындары: Махмуд Сабырханның жекпе-жегіне төрелік еткен қазылар жарыстардан шеттетілуі мүмкін • Telegram-дүкен арқылы есірткі сатқан топ мүшелері 16-17 жылға сотталды • Қайрат Нұртас концертін ұйымдастырушы үйқамаққа жіберілді • Қазақстанда тоғыз айда 356 мың жеке кәсіпкер есептен шықты •

    Қызылордада жарық дағдарысы: тұрғындар тоңып отыр, ал әкімдік бұған нақты шешім ұсына алмай келеді

    Қызылордада жарық дағдарысы: тұрғындар тоңып отыр, ал әкімдік бұған нақты шешім ұсына алмай келеді
    Коллаж: sn.kz

    Қызылорданың Сабалақ елді мекенінде қарапайым халық 15 қарашадан бері электр қуатының төмендеуінен әбден титықтады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

    Тұрғындардың айтуынша, кешкі 17:00-ден кейін жарық бірде өшіп, бірде қайта қосылып, стабилизатор 170-тен жоғары көтерілмейтін жағдайға жеткен. Электр қуатының әлсіздігінен үйдегі ешбір техника істемей, газ да болмағандықтан, жұрт суы қайнаған пешке қарап күйіп-пісуде.

    Балалар суық баспаналарда тоңып отыр, ал кондиционер арқылы жылытуға тырысқан отбасылар электр жүктемесі көтерілмегендіктен тағы да қиындыққа тап болған. Жергілікті билік бұл мәселені шешудің орнына жағдайға тек сырттай бақылаушы болып қалғандай әсер қалдырып отыр.

    Қаланың шет аймақтарын өзекті инфрақұрылымнан ажыратылған екінші сортты өңірге айналдыруға кім жауапты екенін әкімдік нақты түсіндірмеді.

    Тұрғындар биліктен “тас ғасырындағы өмірді” тоқтатып, жүйелі шешім қабылдауды талап етуде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →