Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 14 қараша 2026 $ 443,4↓€ 490,4↓₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жұлдыз Әбдікәрімованың Қарақалпақстандағы суреттері желіде талқыға түсті • Данияр Ашимбаев Тоқаевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымын бағалады • Марат Омаров бұрынғы және қазіргі әйелдерімен қарым-қатынасы туралы айтты • Свитолина Соболенконы жеңіп, WTA қорытынды турнирінің жартылай финалына шықты • Дариға Бадықова Айшолпанмен бірге жаңа образын көрсетті • Рембрандттың «Түнгі күзет» картинасынан 20-дан астам бактерия түрі табылды • Жұлдыз Әбдікәрімованың Қарақалпақстандағы суреттері желіде талқыға түсті • Данияр Ашимбаев Тоқаевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымын бағалады • Марат Омаров бұрынғы және қазіргі әйелдерімен қарым-қатынасы туралы айтты • Свитолина Соболенконы жеңіп, WTA қорытынды турнирінің жартылай финалына шықты • Дариға Бадықова Айшолпанмен бірге жаңа образын көрсетті • Рембрандттың «Түнгі күзет» картинасынан 20-дан астам бактерия түрі табылды •

    Елена Рыбакина World Tennis League турнирінің фавориті ретінде тіркелді

    Елена Рыбакина World Tennis League турнирінің фавориті ретінде тіркелді

    Фото: ҚТФ

    Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Үндістанда алғаш рет өтетін World Tennis League (WTL) турниріне қатысатын болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

    Желтоқсан айында Бангалор қаласында ұйымдастырылатын турнирде әлемнің әйгілі теннисшілері өнер көрсетпек. Олардың қатарында Елена Рыбакина, АҚШ-тың ашық чемпионатының жеңімпазы Даниил Медведев және Уимблдон финалисі Ник Кириос бар.

    Аралас құрамды командалық форматтағы WTL лигасы соңғы үш маусым бойы Біріккен Араб Әмірліктерінде өткізілген еді. Енді көрерменге тартымды шоу-турнир 17–20 желтоқсан аралығында Бангалордағы SM Krishna Tennis Stadium аренасында жалғасқалы отыр.

    «Үндістандағы алғашқы маусымға әлемдік теннистің үздік жұлдыздарының қатысуы бұл шараны жылдың ең көп назар аударатын спорттық оқиғаларының біріне айналдырады», — деп жазды indiatoday басылымы.

    Бұған дейін әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина бір турнир үшін алынған ең ірі гонорар бойынша жаңа тарихи рекорд орнатып, Гиннестің рекордтар кітабына ресми түрде енген болатын. Ол жақында маусымның басты жарысы – WTA Finals турнирінде топ жарып, бір апта ішінде жеңіліссіз өткен жолының арқасында 5,235 миллион доллар (шамамен 2,7 млрд теңге) сыйақы алғанымен ерекшеленді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →