Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Шенеуніктер кетіп еді, асфальтты қоса алып тастады: СҚО-дағы Саумалкөл бекетінде не болды? Қазақ жігіті негізін қалаған британдық TaiSan стартапы 4,65 млн фунт инвестиция тартты Қазақстанда алма әкелуге уақытша тыйым салынуы мүмкін Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады Жезқазғандағы «шала» жөндеу: Жаңа асфальт бордюрсіз қанша уақыт шыдайды? Тараз көшелерін жылан жайлады: Әкімдік неге шара қолданбайды? Шенеуніктер кетіп еді, асфальтты қоса алып тастады: СҚО-дағы Саумалкөл бекетінде не болды? Қазақ жігіті негізін қалаған британдық TaiSan стартапы 4,65 млн фунт инвестиция тартты Қазақстанда алма әкелуге уақытша тыйым салынуы мүмкін Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады Жезқазғандағы «шала» жөндеу: Жаңа асфальт бордюрсіз қанша уақыт шыдайды? Тараз көшелерін жылан жайлады: Әкімдік неге шара қолданбайды?

Президент кортежі кесірінен жүкті әйел қаза тапты – Түркіменстанда оқиға резонанс тудырды

Президент кортежі кесірінен жүкті әйел қаза тапты – Түркіменстанда оқиға резонанс тудырды

Фото: Pixabay

15 қазанда Түркіменабад қаласында жүкті әйел көз жұмды. Жергілікті билік президент кортежі өтуіне байланысты жолдарды толықтай жауып тастағандықтан, әйелдің жұбайы оны дер кезінде ауруханаға жеткізе алмаған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Бұл туралы оқиға куәгерлері мен полиция мен аурухана қызметкерлері «Азатлык» радиосының түркімен қызметіне аноним түрде хабарлаған. Сол күні Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедов химия зауытының іргетасын қалау рәсіміне қатысқан. Президент сапары кезінде қаладағы барлық негізгі көшелер жабылған. Медициналық қызметкерлердің айтуынша, сол күні жедел жәрдем көліктері де аурухана ауласынан шыға алмаған.

«Күзет қызметі тіпті жедел жәрдем көліктерін де ауруханадан шығарған жоқ. Сол күні көмек сұраған тұрғындардың ешқайсысы медициналық жәрдем ала алмады», — дейді жергілікті аурухана қызметкерлері.

Оқиға кезінде ер адам жүкті әйелін өз көлігімен ауруханаға жеткізбек болған, алайда күзетшілер оны өткізбеген. Әйел жол үстінде көз жұмған. «Ол тізерлеп, жалынып, көзіне жас алған. Бірақ күзетшілер бәрібір өткізбеген.

«Тұйық көшелермен айналып, аудандық ауруханаға барыңыздар” деген. Олар барғанша әйел қайтыс болған. Дәрігерлер өлімді тіркеп, бірден полиция шақырған», — дейді полициядағы дереккөз.

Марқұмның күйеуіне болған жағдай туралы ешкімге айтпау ескертілген және оған қысым көрсетілген.

«Оған бұл туралы ешкімге тіс жармауды айтып, “балаңа қара” деп қорқытқан», — дейді дереккөзі.

Лебап уәлаятының ресми өкілдері оқиғаға қатысты пікір білдіруден бас тартқан. «Азатлык» радиосының мәліметінше, Түркіменстанда жоғары лауазымды тұлғалар ел аймақтарына сапармен барғанда, жолдардың бірнеше сағат бойы жабылуы жиі кездесетін жағдай.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика