Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Ақтөбе облысының 4 тұрғыны адам бопсалаумен айналысқан

    Ақтөбе облысында бопсалаумен айналысып келген қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Qazaq.today polisia-ға сілтеме жасап.

    Полиция қызметкерлеріне облыс аумағында қылмыстық топ бопсалаумен айналысатыны туралы ақпарат түскен. Анықталғандай, олар кәсіпкерден қомақты сома бопсалаған, сондай-ақ «Тойота Камри» автокөлігін өз аттарына аударуды талап еткен.

    «Биылғы 16 мамырда жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері Ақтөбе облысының төрт тұрғынын ұстады.

    Ұсталғандардан патрондары бар 2 травматикалық тапанша мен пышақ тәркіленді. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 3-бөлігі (»бопсалау«) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталғандар қамауға алынды», — делінген полиция мәліметінде.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →