Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 453,3↑€ 508,7↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Өзбекстанда кино жүйесі өзгереді: мемлекеттік тапсырыс орнына субсидия • Непалдағы Гималайда хабар-ошарсыз кеткен екі жапониялық альпинистің қаза тапқаны анықталды • Алматыда халықаралық шахмат турнирі басталды: 25 млн теңге жүлде қоры • Үндістандағы Тамилнад штатында нөсер жаңбыр мен найзағайдан 14 адам қаза тапты • «Барыс» сырт алаңда «Автомобилистке» 1:4 есебімен жол берді • Бразилияда Ньюкасл ауруының екінші ошағы анықталды: Қытай мен Сауд Арабиясы шектеу қойды • Өзбекстанда кино жүйесі өзгереді: мемлекеттік тапсырыс орнына субсидия • Непалдағы Гималайда хабар-ошарсыз кеткен екі жапониялық альпинистің қаза тапқаны анықталды • Алматыда халықаралық шахмат турнирі басталды: 25 млн теңге жүлде қоры • Үндістандағы Тамилнад штатында нөсер жаңбыр мен найзағайдан 14 адам қаза тапты • «Барыс» сырт алаңда «Автомобилистке» 1:4 есебімен жол берді • Бразилияда Ньюкасл ауруының екінші ошағы анықталды: Қытай мен Сауд Арабиясы шектеу қойды •

    «Ажырасып кетсек те ақша беріп тұрдым»: Дариға Бадықова бұрынғы күйеуі туралы

    «Ажырасып кетсек те ақша беріп тұрдым»: Дариға Бадықова бұрынғы күйеуі туралы

    Танымал қазақстандық актриса және продюсер Дариға Бадықованың бұрынғы жұбайы Дархан Мұсаевтың сұхбаты әлеуметтік желілерде үлкен резонанс тудырды.

    Актриса бұрынғы күйеуінің өтірігін әшкереледі

    Дариға Бадықова өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында бұрынғы жұбайының интервьюда айтқан мәліметтері шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

    «Менің өз шындығым бар. Өтірік бақытты адамның кейпін танытқанмын. Елдің адамымын ғой деп көп нәрсені ашып айтпадым. Бекер жасаған екенмін», — деп жазды актриса.

    Некелік өмір туралы ащы шындық

    Бадықова некеде болған кезінде шынайы бақытты болмағанын мойындады. Оның айтуынша, олар ұзақ уақыт бойы үйде тек формальды түрде бірге тұрған.

    «Өтірік менің күйеуім болғандай кейіп танытпасын. Өтірік әңгімелері мені шаршатқан. Еркек басымен ‘жертво’ болып отыр. Мен ажырасып кеткелі біраз уақыт болды. Артысып, тартысып бір үйде жай тұрып жаттық», — деді продюсер.

    Ажырасудан кейін де қаржылық көмек көрсеткен

    Актриса ерекше тұста ажырасқаннан кейін де бұрынғы жұбайына материалдық қолдау көрсеткенін жасырмады.

    «Кеткен әйел қашан да жаман. Өзім әйел еркек болудан шаршадым. Қырық өтірігін бөсіп отыр. Әлі істейтін ісі жоқ екен. Тамақ, киім қайдан келіп жатқанын білмейтін», — деп атап өтті Бадықова.

    Достары қаржылық көмекті тоқтатуға кеңес берген

    Дариға достарының кеңесімен ғана бұрынғы күйеуіне ақша беруді тоқтатқанын айтты.

    «Ажырасып кетсем де сау адамға ақша беріп тұрдым. Құрбыларым тоқтатты берме деп. Ақша бермей қойғасын шығарып отыр осы әңгімені», — деді белгілі продюсер.

    Актриса жақын арада бұрынғы некелік өміріне қатысты барлық шындықты толық айтып беретінін уәде етті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →