Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 28 шілде 2026 $ 474,6 541,2 6,08
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жезқазғандағы демалыс орыны қоқыс полигонына айналған Маңғыстауда әйел Каспий теңізіне батып кетті Шеге майыстырумен танылған Сергей Цырульников лауазымды қызметке тағайындалды Павлодарда жоғарғы қабаттан лақтырылған мұз даладағы әйелдің басын жарды Халық Банкінің тәуелсіз директоры болып Хенк Ян Хугендорн бекітілді Владимир Путин Ресей Қарулы Күштерінің әскери қызметшілер санын 25 мыңға көбейтті Жезқазғандағы демалыс орыны қоқыс полигонына айналған Маңғыстауда әйел Каспий теңізіне батып кетті Шеге майыстырумен танылған Сергей Цырульников лауазымды қызметке тағайындалды Павлодарда жоғарғы қабаттан лақтырылған мұз даладағы әйелдің басын жарды Халық Банкінің тәуелсіз директоры болып Хенк Ян Хугендорн бекітілді Владимир Путин Ресей Қарулы Күштерінің әскери қызметшілер санын 25 мыңға көбейтті

    «Реал Мадрид» Алматыға ашулы келмек

    «Реал Мадрид» Алматыға ашулы келмек

    Фото: Gettysport

    Испания чемпионатының 7-турында өткен мадридтік дерби жанкүйерлер есінде ұзақ сақталмақ. «Атлетико» өз алаңында басты қарсыласы «Реал Мадридті» 5:2 есебімен ойсырата жеңді. Бұл нәтиже «Реалдың» маусымдағы алғашқы жеңілісі болып тіркелді.

    Матч «Рияд Эйр Метрополитано» стадионында өтті. Алғашқы голды 14-минутта Робен Ле Норман соқты. Көп ұзамай Килиан Мбаппе мен Арда Гюлердің голдары «Реалды» алға шығарды. Дегенмен, Александр Серлот есепті теңестіріп, тайм соңын шиеленіске толтырды. Екінші кезеңде Хулиан Альварес дубль жасап, ал Антуан Гризманн нүкте қойды.

    Бұл жеңіс «Атлетикоға» маусымдағы үшінші жеңісін сыйлап, команда 12 ұпаймен 4-орынға көтерілді. Ал «Реал» 18 ұпаймен Ла Лига көшін бастап тұр.

    Маңыздысы, осы ауыр жеңілістен кейін «Реал Мадрид» ойыншылары Алматыға жол тартады. 30 қыркүйек күні Чемпиондар Лигасы аясында испандық клуб «Қайратпен» кездеседі. Ойын Алматыда 21:45-те басталады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →