Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 16 қазан 2026 $ 451,4↑€ 506,7↑₽ 5,40↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Еревандағы COP17 биоалуантүрлілік саммитіне келді • Семейде балконда тұрған газ баллоны тұтанып кеткен • «Кеудесінен ұрғаны несі?»: сабақ өткізбек болған Айгүл Иманбаева сөз естіді (ВИДЕО) • Жөкей көлінен 33 келі балық ауладғандар алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін • Ыстамбұлдағы нөсер жауынның кесірінен ұшақ рейстері жаппай тоқтап жатыр • «Бір перзентінің қызығын көрмеді»: Ырысбала әкесі жайлы айтып жылап қалды (ВИДЕО) • Тоқаев Еревандағы COP17 биоалуантүрлілік саммитіне келді • Семейде балконда тұрған газ баллоны тұтанып кеткен • «Кеудесінен ұрғаны несі?»: сабақ өткізбек болған Айгүл Иманбаева сөз естіді (ВИДЕО) • Жөкей көлінен 33 келі балық ауладғандар алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін • Ыстамбұлдағы нөсер жауынның кесірінен ұшақ рейстері жаппай тоқтап жатыр • «Бір перзентінің қызығын көрмеді»: Ырысбала әкесі жайлы айтып жылап қалды (ВИДЕО) •

    Паркинг, қазандық және трансформаторлы қосалқы станция: Dragon City тұрғындарының мәселелері қалай шешіледі

    Паркинг, қазандық және трансформаторлы қосалқы станция: Dragon City тұрғындарының мәселелері қалай шешіледі

    Фото: Алматы қаласының әкімдігі

    Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Жетісу ауданындағы «Dragon City» тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында тұрғындар жерасты тұрағын заңсыз қайта сату, қазандықтың жұмысы және жерасты үй-жайында трансформаторлы қосалқы станцияны орналастыру сияқты бірқатар өзекті мәселелерді көтерді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Тұрғындар бастапқы жоба бойынша пәтерлер паркингпен бірге сатылғанын айтты. Кейінірек шарттар өзгеріп, көлік орындарының құны 3-тен 10 миллион теңгеге дейін өскен, содан кейін үй-жайлар толығымен коммерцияға айналған. Тұрғындардың пікірінше, бұл бастапқыда ойластырылған сызба болған.

    Дархан Сатыбалды жауапты органдарға осындай шешімдердің қалай қабылданғанын, кім рұқсат беріп, құжаттарға кім қол қойғанын анықтауды тапсырды. Ол бұдан былай бұл мәселе өзінің жеке бақылауында болатынын айтты.

    «Іс-қимыл алгоритмі Экономикалық тергеу департаментімен, прокуратура, ТЖ және басқа да қызметтермен бірлесіп әзірленетін болады. Қажет болса, трансформаторлық қосалқы станцияны ауыстырамыз. Ең бастысы — кешеннің 2 жарым мыңға жуық тұрғынның қауіпсіздігі мен өміріне төнетін кез келген қатердің алдын алу», — деді әкім.

    Қала басшысы жылыту маусымында қазандыққа қызмет көрсетуді ведомстволық бағынысты ұйым өз мойнына алатынын атап өтті. Ол қыста үзіліссіз жұмыс істеуіне мүмкіндік беретінін, ал келесі жылы нысан бюджет есебінен жаңғыртылатынын айтты.

    Әкім трансформаторлы қосалқы станцияны жерасты үй-жайына орналастыруға қатысты алдымен қауіпсіздік шараларын пысықтауды тапсырды.

    Тұрғындар абаттандыру мәселелерін де көтерді. Әкімнің тапсырмасы бойынша ауданда жол белгілері, «көрінбейтін полицейлер» және бейнебақылау камерасы орнатылады. Бұдан басқа, «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының тетігі арқылы балалар ойын алаңын салу мәселесі де қаралады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →