Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 7 қыркүйек 2026 $ 455,9 529,3 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Әкімдіктен күтпедім»: Өскемен тұрғыны қаладағы шұңқырларды өзі жамап жүр Төтенше жағдайда әр минут маңызды: Қазақмыс медпункттерін жаңғыртып жатыр «Жол жоқ, құрылыс қараусыз жатыр»: Алматыдағы тұрғындар құрылыс компаниясына шағымданды Астанада жиһаз алаяқтары көбейген: үйін жаңаламақ болған 19 адам миллиондаған ақшаға алданып қалды Таразда оқушылар көлікке тапталуы мүмкін: халық жаяу жүргіншілерге арналған жолақтың жоқтығына шағымданды «10 жыл күткен үйіміз құлап кете ме?»: Ақтөбеде «Бақытты отбасы» арқылы баспана алған тұрғындар қауіптеніп отыр «Әкімдіктен күтпедім»: Өскемен тұрғыны қаладағы шұңқырларды өзі жамап жүр Төтенше жағдайда әр минут маңызды: Қазақмыс медпункттерін жаңғыртып жатыр «Жол жоқ, құрылыс қараусыз жатыр»: Алматыдағы тұрғындар құрылыс компаниясына шағымданды Астанада жиһаз алаяқтары көбейген: үйін жаңаламақ болған 19 адам миллиондаған ақшаға алданып қалды Таразда оқушылар көлікке тапталуы мүмкін: халық жаяу жүргіншілерге арналған жолақтың жоқтығына шағымданды «10 жыл күткен үйіміз құлап кете ме?»: Ақтөбеде «Бақытты отбасы» арқылы баспана алған тұрғындар қауіптеніп отыр

    Backstreet Boys-тың елордадағы концертіне 45 елден 12 мың турист келді

    Backstreet Boys-тың елордадағы концертіне 45 елден 12 мың турист келді

    Фото: Видеодан алынған кадр 

    21 қыркүйек күні «Астана Арена» стадионында тарихи іс-шара өтті, елордада әлемге әйгілі Backstreet Boys тобы өнер көрсетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. 

    Концертке Германия, Польша, Франция, Түркия, Финляндия, Литва, Эстония, Чехия, Сербия, Грекия, Әзербайжан, Ресей, Өзбекстан және тағы басқа елдерді қоса алғанда, 45 мемлекеттен 12 мыңнан астам турист арнайы келді.

    Кештің ұйымдастырушысы – «Астана Концерт» компаниясы Total White дресс-кодын жариялап, іс-шараға ерекше бірлік пен стиль берді.

    Әлеуметтік желілерде #GetReadyWithMe тренді кең таралып, жанкүйерлер балалық шақтағы кумирлерін қарсы алуға қалай дайындалғанын көрсетті.

    Backstreet Boys концерті Астанадағы әлемдік жұлдыздардың кезекті қойылымы ғана емес, елорда тарихына енген ауқымды мәдени оқиғаға айналды.

    Әлемдік музыкалық тарихтағы ең табысты поп-топтардың бірі саналатын Backstreet Boys 130 миллионнан астам альбом сатты. Астанадағы концерт олардың әлемдік турнесінің бір бөлігі болды.

    Ал 2025 жылы топ Лас-Вегастағы әйгілі The Sphere кешенінде рекорд орнатып, бір күннің ішінде 500 мыңнан астам билеттің сатылуымен тарихтағы ең көп сатылған шоуға қол жеткізді.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →