Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мексикада күн суытып, 10 адам көз жұмды • Threads арқылы билеттер сатқан: астаналық жігіт алаяқтық жасады деген күдікке ілінді • Зейнеп Ахметова әнші Сәкен Майғазиевті жылатып қойды (ВИДЕО) • Таразда көзінен айырылған оқушы ісінен соң жасөспірім 7 жылға сотталды • Қар аралас жаңбыр: Қазавтожол жүргізушілерге ескерту жасады • Дархан Мұсаев бұрынғы әйелі Дариға Бадықованың тұрмысқа шығуына қатысты пікір білдірді • Мексикада күн суытып, 10 адам көз жұмды • Threads арқылы билеттер сатқан: астаналық жігіт алаяқтық жасады деген күдікке ілінді • Зейнеп Ахметова әнші Сәкен Майғазиевті жылатып қойды (ВИДЕО) • Таразда көзінен айырылған оқушы ісінен соң жасөспірім 7 жылға сотталды • Қар аралас жаңбыр: Қазавтожол жүргізушілерге ескерту жасады • Дархан Мұсаев бұрынғы әйелі Дариға Бадықованың тұрмысқа шығуына қатысты пікір білдірді •

    «Аппағым» әні есірткі жайлы»: Белгілі заңгер Qаrakesek-тің әндерін тыңдамауға шақырды

    «Аппағым» әні есірткі жайлы»: Белгілі заңгер Qаrakesek-тің әндерін тыңдамауға шақырды

    Фото: https://www.instagram.com/qarakesek.west.fan/

    Танымал заңгер Нұрсұлтан Орынбек есірткі шегіп ұсталған Qаrakesek-ке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Заң саласының өкілі жастарға әншінің әнін тыңдамауға үндеді.

    «Жақында Ақтөбеде Qаrakesek деген әнші ұсталды. Оның қылмыстық ісі әкімшілік іске ауысып кетті. Бірақ осындай тұлғаларды сахналардан, эфирлерден, платформалардан алып тастау керек. Оның әндері жастар арасында кең тараған. «Әппағым, сенен артығын таппадым» дейді. Былай қарасаң, махаббат туралы ән сияқты. Бірақ ол мефедрон, ақ ұнтаққа қатысты ән деген қауесет бар. Есірткіні астарлап насихаттап жүр. Мәдениет министрлігі осы сынды әншілердің әндерін сахнадан алып тастай ала ма?», – деді заңгер «AMANAT» партиясының жастар кеңесінің отырысында.

    Одан кейін мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов жауап берді. Ол жастар арасында есірткіні романтизациялау кездесетінін жасырмады.

    «Qаrakesek-тің жағдайына келсек, маған да көп адам «әндерін мас күйінде жазған шығар» деп айтты. Бұл әр адамның қиялы болуы мүмкін. Бірақ, екінші жағынан біз бұл жағынан қалай сақтана аламыз? Мұндайға қатысы бар болған әртістерді қадағалап отырамыз. Бірақ оларды қоғамның өзі де шеттетуі керек. Оны романтизациялайтын қоғамның өзі.  Мысалы, «Шекер» сериалынан кейін де қоғамның пікірі екіге жарылып кеткен болатын», – дейді Кочетов.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →