Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 8 қыркүйек 2026 $ 455,9 529,3 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қарағандыда ер адам мен әйелді атып кетті: күдікті ұсталды Қырғызстан Қазақстанның көшпенділер ойындарындағы жеңісін мойындады Мемлекеттік грант иегерлерінің жұмыспен өтеу мерзімі қандай? «Кітап оқитын ұлт» марафонына 100 мыңнан астам адам тіркелді Алматы облысындағы тұрғын үй ауласында 2 баланы көлік қағып кетті Қазақстандықтардың 68%-ы өмір сүру жағдайының жақсарғанын атап өтіп, одан әрі дамуды күтеді — ҰТО зерттеуі Қарағандыда ер адам мен әйелді атып кетті: күдікті ұсталды Қырғызстан Қазақстанның көшпенділер ойындарындағы жеңісін мойындады Мемлекеттік грант иегерлерінің жұмыспен өтеу мерзімі қандай? «Кітап оқитын ұлт» марафонына 100 мыңнан астам адам тіркелді Алматы облысындағы тұрғын үй ауласында 2 баланы көлік қағып кетті Қазақстандықтардың 68%-ы өмір сүру жағдайының жақсарғанын атап өтіп, одан әрі дамуды күтеді — ҰТО зерттеуі

    «Өз отбасы да сынақ»: Гүлзира Айдарбекова Қайраттың өмірінде не болып жатқанын айтты

    «Өз отбасы да сынақ»: Гүлзира Айдарбекова Қайраттың өмірінде не болып жатқанын айтты

    Ақшасын санап отырғандарға айтарым, ер жігітке ата-ана да, бауыр да, өз отбасы да сынақ, дейді продюсер

    Фото: Instagram/kair_n

    Продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында ұлы Қайрат Нұртастың жастайынан табысты болуына не себеп болғанын жазды.

    Айтуынша, ұлы үнемі ізденіс үстінде жүргендіктен сынаққа сынып кетпей, өз брендін дамытып келе жатыр.

    «Қайрат жастайынан еңбекқұмар болып өсті, атағым бар екен деп жатып алмады, ылғи ізденіс үстінде келе жатыр. Мүмкін әлі KN болып отыруына өзін ғана емес, отбасын, ата-анасын, бауырларын бірдей уайымдауы ықпал етіп жатқан шығар. Өз брендін жалғастырып келе жатқаны, Алланың бір нығметі болар. Қаншама оқырман «неге бүйтпейсің, неге сүйтпейсің» деп ақыл айтады, сол адамдар неге өздері сөйтпейді екен. Ал ақшасын санап отырғандарға айтарым, ер жігітке ата-ана да, бауыр да, өз отбасы да сынақ», — дейді продюсер.

    Оның пайымынша бір отбасында бір адамға сынақ етіп, ақшаны да, абыройды да үйіп-төгіп береді, асынып-тасынасың ба, жоқ кеуде көтересің бе, оның бәрі пейіліңе байланысты болмақ.

    «Сынаққа сынып кетпесең Құдайдың бергені берген. Бәріміз мәңгілік емеспіз. Бірақ әрбірінің сен үшін өз орны бар, осыны ұмытпау керек. Ата-ананың ақ батасын алып жүрген азаматтардың Алла қолдаушысы, қорғаушысы. Болдым, толдым деп, есегі судан өткен соң, тамыры жуандап, әйелінің, бала-шағасының алдында өз әкесінің аузы-мұрнын қан жоса етіп сабап, өлім құштырғанына бәріміз куә болдық. Сондай ұрпақтан сақтасын. Үміт артқан ұл-қыздарыңыздың ауызбіршілігі болып, сізге құрмет көрсетіп, бақытқа жеткізсін! Ең бастысы төрт көзіміз түгел болсын, қалғанының бәрі реттеймін деген адамға кеш емес, саналы ұрпағымыз болсын!», — деп түйіндеді Гүлзира Айдарбекова.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →