Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дунай деңгейінің төмендеуі 1944 жылы батқан нацистік кемелерді ашты Қазақстанда 9 тамызда екі орман өрті тіркелді Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Дунай деңгейінің төмендеуі 1944 жылы батқан нацистік кемелерді ашты Қазақстанда 9 тамызда екі орман өрті тіркелді Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды

    Бек Нұрмағанбет Лас-Вегаста өткен бокс кешінде жеңіске жетті

    Бек Нұрмағанбет Лас-Вегаста өткен бокс кешінде жеңіске жетті

    Фото: inbusiness.kz

    Қазақстандық супер орта салмақтағы боксшы Лас-Вегаста Fontainebleau қонақүйінде өткен бес жекпе-жектен тұратын шоуда өнер көрсетті. Бұл кеш Канело мен Теренс Кроуфорд арасындағы супержекпе-жек алдындағы шаралардың бірі болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Нұрмағанбет 31 жастағы америкалық Стивен Самптерге (11-2-1, 9 КО) қарсы шаршы алаңға шықты. Он раундқа жоспарланған жекпе-жек бар болғаны үш раундқа созылды. Екінші раундта Нұрмағанбет нокдаун жасады. Ал үшінші раундтан кейін қарсылас жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

    27 жастағы қазақстандық былғары қолғап шеберінің еншісінде енді 15 жеңіс (13-і нокаутпен), бірде-бір жеңіліс жоқ. Бұл оның Солтүстік Америкадағы тоғызыншы жекпе-жегі болды. Бек – Канелоның тұрақты спарринг-серіктесі, ал оның мүддесін Канелоның бапкері әрі менеджері Эдди Рейносо қорғайды.

    Айта кетейік, WBA рейтингінде Нұрмағанбет қазір 11-орында тұр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →