Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды

    Қатар Дохадағы әуе шабуылынан кейін Газаға қатысты келіссөзді тоқтатты

    Қатар Дохадағы әуе шабуылынан кейін Газаға қатысты келіссөзді тоқтатты

    Фото: Ibraheem Abu Mustafa/Reuters

    Қатар Газа секторындағы жағдайды реттеуге арналған келіссөздердің кезекті раундын тоқтатқанын мәлімдеді, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы Kazinform агенттігіне сілтеме жасап. 

    Қатардың премьер-министрі әрі сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бен Әбдел Рахман Әл Тани Дохада өткен баспасөз мәслихатында Израильдің әрекеттерін сынға алды.

    – Соңғы күндері АҚШ ұсыныстары негізінде қарқынды келіссөздер жүргізілді. Алайда Израиль делегацияларды Дохаға жібере отырып, бейбіт шешімге қол жеткізуге бағытталған қадамдарды әдейі бұзуға тырысты. Әлемге тағы қандай дәлел керек? Бейбітшілік жолын кім бөгеп отыр? – деді ол.

    Министр Қатардың атысты тоқтату жөніндегі келіссөздердің табысты өтуі үшін барынша күш-жігер жұмсап жатқанын атап өтті.

    Еске сала кетейік, 9 қыркүйекте Израиль Доха қаласына әуеден соққы жасаған. Шабуыл салдарынан Қатардың ішкі қауіпсіздік қызметінің бір қызметкері қаза тапты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →