Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 29 тамыз 2026 $ 463,4 539,7 5,42
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Алтыным, сен ауырмашы»: Жігер Ауыпбаев жас әйелінінің сырқаттанып қалғанын айтты Петропавлда кәріз құдығының маңынан әйелдің мәйіті табылды Тоқаев Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне орай үндеу жасады Өскеменде 35 жастағы ер адам Ертіс өзенінің көпірінен секіріп кетті Apple 9 қыркүйекте жаңа iPhone-дарды таныстырады Түркістанда өгей әке келіні мен ұлын пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді «Алтыным, сен ауырмашы»: Жігер Ауыпбаев жас әйелінінің сырқаттанып қалғанын айтты Петропавлда кәріз құдығының маңынан әйелдің мәйіті табылды Тоқаев Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне орай үндеу жасады Өскеменде 35 жастағы ер адам Ертіс өзенінің көпірінен секіріп кетті Apple 9 қыркүйекте жаңа iPhone-дарды таныстырады Түркістанда өгей әке келіні мен ұлын пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді

    Бектенов 2035 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму болжамын мақұлдауды ұсынды

    Бектенов 2035 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму болжамын мақұлдауды ұсынды

    Фото: gov.kz

    Үкімет басшысы Олжас Бектенов 2026-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын және 2035 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму болжамын мақұлдауды ұсынды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    — Жақында Мемлекет басшысына әлеуметтік-экономикалық даму болжамдары мен алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджет жобасы ұсынылды. Президент бюджеттің теңгерімділігін, қаражатты республикалық және жергілікті деңгейде сапалы жоспарлау мен бөлуді қамтамасыз етуді тапсырды. Осыған байланысты бүгін жалпы сипаттағы трансферттер көлемі және 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобалары қаралды. Заң жобалары бюджеттік параметрлерге сәйкес әзірленді сондай-ақ мемлекеттік қаржының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін барынша оңтайлы, — деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

    Премьер-министрдің мәлімдеуінше, бюджет теңдестірілген және Мемлекет басшысы көтерген барлық стратегиялық бастама ескерілген.

    — Талқылауларды ескеріп, 2026-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын және 2035 жылға дейінгі ұзақ мерзімді болжамды мақұлдауды ұсынамын. 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы және алдағы үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттің көлемі туралы заң жобаларына дауыс берейік. Дауыс беріңіздер, — деді Үкімет басшысы.

    Осылайша Үкімет мүшелері ұзақ мерзімді болжамды бір ауыздан мақұлдады.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →