Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 10 қыркүйек 2026 $ 454,0 528,1 5,29
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакина тарихи жетістікке жетіп, әлемнің бірінші ракеткасы атанады Президент Рыбакинаны әлемдегі бірінші ракетка мәртебесімен құттықтады Шымкентте көршілер арасындағы жанжал 65 жастағы ер адамның өліміне әкелді Тұрғындардың 68 пайызы елді мекендердегі жағдай жақсарғанын айтады Пәкістанда туған күнінде атып өлтірілген TikTok жұлдызы: күдікті ұсталды Қостанай облысында бір тәулікте 600 гектарға жуық аумақты өрт шарпыды Елена Рыбакина тарихи жетістікке жетіп, әлемнің бірінші ракеткасы атанады Президент Рыбакинаны әлемдегі бірінші ракетка мәртебесімен құттықтады Шымкентте көршілер арасындағы жанжал 65 жастағы ер адамның өліміне әкелді Тұрғындардың 68 пайызы елді мекендердегі жағдай жақсарғанын айтады Пәкістанда туған күнінде атып өлтірілген TikTok жұлдызы: күдікті ұсталды Қостанай облысында бір тәулікте 600 гектарға жуық аумақты өрт шарпыды

    «Уақытша жұмысқа жарамсыз»: Жұлдыз Әбдікәрімова алғаш рет декретке шықты

    «Уақытша жұмысқа жарамсыз»: Жұлдыз Әбдікәрімова алғаш рет декретке шықты

    Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficia

    Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова алғаш рет декретке шыққанын айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Stan.kz сілтеме жасап. 

    Ол декретке шығу үшін тиісті құжат жинау оңай шаруа емес екенін жасырмады.

    «Алдымен өзіңді жұмысқа тіркейсің, содан кейін өзіңе ай сайынғы жалақыны өтейсің, оған қоса әлеуметтік пакет пен салық тағы бар – бұл енді үйреншікті жайт. Ал жүктілік кезінде «уақытша жұмысқа жарамсыз» деген бір жапырақ қағазды алғашқы рет қолыма алып тұрмын», – деп жазды ол.

    Актрисаның сөзінше, декреттік демалысты рәсімдеу кезінде түрлі құжаттар талап етіліп, оны алу үшін бірнеше мекемеге жүгінуге тура келген.

    «Сан түрлі құжаттар талап етіледі және оларды «лупамен» қарап шығады. Сосын сұрақтың астына алады, бірнеше мекемеге жүгіртеді. Қысқасы, сол декретті алу үшін де дәлелдеп жүресің. Әйтеуір бәрін тапсырып, жер қопарып тастағандай отырған жайым бар енді», – деп әзілдеді актриса.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →