Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 8 қазан 2026 $ 450,8↓€ 506,2↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Түрікменстан Президентімен кездесті • Өскеменде үй өртеніп, 30 жастағы жігіт жан тапсырды • Реформаның таза есебі: салық түсімі 17 пайызға өсті, бірақ экономика 16 пайызға өскен • «13 жастағы қызбен» кездесуге келген: Ақтауда белсенділер күдікті ер адамды әшкереледі • Алматы облысының әкімдігі жолдың сапасын неге қадағаламайды? • Қазақстанда әлеуметтік көмек кімге көбірек беріледі? Сарапшы түсіндірді • Тоқаев Түрікменстан Президентімен кездесті • Өскеменде үй өртеніп, 30 жастағы жігіт жан тапсырды • Реформаның таза есебі: салық түсімі 17 пайызға өсті, бірақ экономика 16 пайызға өскен • «13 жастағы қызбен» кездесуге келген: Ақтауда белсенділер күдікті ер адамды әшкереледі • Алматы облысының әкімдігі жолдың сапасын неге қадағаламайды? • Қазақстанда әлеуметтік көмек кімге көбірек беріледі? Сарапшы түсіндірді •

    «21 жыл педагог болған»: Қызылордада күйеуі ұйықтап жатқан әйелін балтамен шауып өлтірмек болды

    «21 жыл педагог болған»: Қызылордада күйеуі ұйықтап жатқан әйелін балтамен шауып өлтірмек болды
    11 жыл бұрын шаңырақ көтерген жұптардың арасындағы мұндай жайтқа отбасылық кикілжіңнің себеп болғаны айтылады, деп хабарлайды Qazaq.today сайты.

    Бұған дейін күйеуі балталаған қызылордалық әйелдің жағдайы туралы жазған едік. Осы іске байланысты сот үкімі шығып отыр.

    Ер адамның қылмысы сотта толық дәлелденген. Басынан және денесінен, қолынан бірнеше мәрте соққы алған әйел мүгедек болып қалған.

    Қанды оқиға Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Бала би ауылында осыдан 3 ай бұрын тіркелген-ді.

    – Ағаш сапты балтаны алып, ұйықтап жатқан сәтін пайдаланып, асқан қатыгездікпен бас тұсынан, иық тұстарынан бірнеше мәрте соққы жасаған. Кәмелетке толмаған балалар оянып қалған сәтінде сотталушы өзінің қылмыстық іс-әрекетін ақырына дейін жеткізе алмай балтасын жерге тастап, шығып кеткен. Сотталушы Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3, 5-тармақтарымен кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды, – деді Қызылорда облысы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшілігінің басшысы Ерлан Раушанбеков.

    Сотталушы «Адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша жазасын өтемек.

    Прокурордың сөзінше, адам естімеген жайтқа ерлі-зайыптылардың кикілжіңі себеп болған.

    Үкімді онлайн тыңдаған жәбірленуші күйеуіне берілген жазамен келіссе, 20 жылдан аса биология пәнінің мұғалімі қызметін атқарған сотталушының туыстары бұл жазаны тым көп деп санайды.

    – Інім өте ауыр жазамен айыпталып тұр. Жүрегіміз қан жылап тұр, – дейді олар.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →