Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 13 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Бокстан әлем кубогі: Назым Қызайбай алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

    Бокстан әлем кубогі: Назым Қызайбай алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

    Фото: Қазақстан бокс федерациясы

    Астанада бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы әлем кубогі өз шымылдығын түрді. Алғашқы болып шаршы алаңға шыққан Назым Қызайбай жеңіске жетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.

    Назым 48 келі салмақта бірінші жекпе-жегінде канадалық Приянка Диллонды айқын басымдықпен ұтты. Осылайша Назым Қызайбай келесі кезеңге жолдама алды.

    Бокс федерациясы мәліметінше, оның келесі қарсыласы – өзбекстандық Азия ойындарының чемпионы Фарзона Файзолова.

    Айта кетейік, бұл дүбірлі дода елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Жарысты World Boxing ұйымы өткізіп жатыр. Айтулы додаға 30 мемлекеттен 300-ге жуық спортшы бақ сынайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →