Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 30 қазан 2026 $ 455,3↓€ 507,3↓₽ 5,66↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда жүздеген гид пен экскурсия жүргізушісі туристерге халықаралық стандарттарға сай қызмет көрсетуді үйренді • Меруерт Түсіпбаева Бақтияр Қожамен бірге түскен суреттері талқыға түсті • Борышкердің ақшасынан төленетін өндіруші: жеке сот орындаушылары жүйесі неге шағымның негізгі көзіне айналды? • Тарихи жетістік: Елена Рыбакина 2026 жылды әлемнің бірінші ракеткасы ретінде аяқтайды • «Ағамыз бос па екен»: Белгілі әзілкеш Динара Сәтжанға өтініш айтты • Алматыда LEZ пилоттық жобасының аралық қорытындысы шығарылды • Алматыда жүздеген гид пен экскурсия жүргізушісі туристерге халықаралық стандарттарға сай қызмет көрсетуді үйренді • Меруерт Түсіпбаева Бақтияр Қожамен бірге түскен суреттері талқыға түсті • Борышкердің ақшасынан төленетін өндіруші: жеке сот орындаушылары жүйесі неге шағымның негізгі көзіне айналды? • Тарихи жетістік: Елена Рыбакина 2026 жылды әлемнің бірінші ракеткасы ретінде аяқтайды • «Ағамыз бос па екен»: Белгілі әзілкеш Динара Сәтжанға өтініш айтты • Алматыда LEZ пилоттық жобасының аралық қорытындысы шығарылды •

    «Ешкімге жалынбадым»: Жұлдыз Әбдікәрімова жақын адамының опасыздық жасағанын айтты

    «Ешкімге жалынбадым»: Жұлдыз Әбдікәрімова жақын адамының опасыздық жасағанын айтты

    Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова басынан өткен сынаққа сынып кетпей, ақыры дегеніне жетіп, баспаналы болғанын сүйіншілеп, қолдау білдіргені үшін оқырмандарына алғыс айтты.

    Ол осы күнге жету жолында көптеген қиындықты бастан өткергенін атап өтті.

    «Бір жыл бойы қатты қиналғаныма, ауырғаныма, күрескеніме, кейбір жайттарды үнсіз жұтқаныма, жақынымнан көрген опасыздыққа, басыма келген сынаққа сынып кетпей, ешкімге жалынбай, жылап-сықтамай, ешкім жайында лям-мим демей, күл-талқан боп қирап жатқан жерімнен жинақталып, қайта тұрғаныма, эмоцияға берілмей сабырлық танытқаныма сіз – менің оқырманым, шынайы әрі мейірімді жанашырым куә болдыңыз! Мені колдаған, дұғада болған әрбір жанға алғыс айтамын!», — деп жазды актриса.

    Жұлдыз Әбдікәрімова желі қолданушыларымен қуанышын бөлісіп, жаңа баспанасында түсірілген видеоны жариялады.

    «Жаңа адаммен, жаңа үйде, жаңа өмір», – делінген видеода.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →