Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 13 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астана маңында жоғалған екі ер адам қамыс арасында ұйықтап жатқан күйі табылды Қонаев маңында жолаушылар автобусы лайға батып, 27 адам құтқарылды Диетолог күндізгі ұйқышылдықты азайтудың жолын айтты Қытай автокөліктерін сатушылар Алматыдағы салонмен әріптестіктен 700 млн теңгесінен айырылды Алимент қарызы үшін: Рудный тұрғыны сот орындаушысына пышақ жұмсап, 15 жылға сотталды 100 жылқы жымқырды деп айыпталған жылқышы Рахат Сәрсенов ем алуда Астана маңында жоғалған екі ер адам қамыс арасында ұйықтап жатқан күйі табылды Қонаев маңында жолаушылар автобусы лайға батып, 27 адам құтқарылды Диетолог күндізгі ұйқышылдықты азайтудың жолын айтты Қытай автокөліктерін сатушылар Алматыдағы салонмен әріптестіктен 700 млн теңгесінен айырылды Алимент қарызы үшін: Рудный тұрғыны сот орындаушысына пышақ жұмсап, 15 жылға сотталды 100 жылқы жымқырды деп айыпталған жылқышы Рахат Сәрсенов ем алуда

    «34 жыл сақталған»: Әли Оқапов ерекше бұйымды көрсетті

    «34 жыл сақталған»: Әли Оқапов ерекше бұйымды көрсетті

    Әнші Әли Оқапов анасы Роза Рымбаева 30 жылдан астам уақыт бойы сақтап келген өзінің ең қымбат дүниесін таныстырды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Өнер иесі сәби күнінде жамылған жөргегін көрсетті. Анасы сақтап қойған.

    «Жақында ғана анам естелікке толы тамаша затты бөлісті. Бұл – пеленка. Ол неге мен үшін ерекше? Себебі бұл – менің пеленкам. 34 жыл бұрын, мен Зейін сияқты кішкентай кезімде, осы пеленканың үстінде жатқанмын. Қазір сіздерге сол уақыттағы архив фотомды да көрсетемін. Ол кезде ешкім де 34 жылдан кейін осы пеленканың үстінде менің ұлым отырады деп ойламаған шығар. Сондықтан, егер араларыңызда мен сияқты жас ата-аналар болса, балаңыздың бір затын сақтап қойыңыздар. Себебі жылдар өткен соң оны немерелеріңіз пайдалануы мүмкін. Мен сіздерге де осындай тарихтың қайталануын тілеймін», – деді әнші.

    Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, балаларының қандай заттарын сақтағанын жарыса жазып жатыр.

    “Әжем әкемнің 40 жыл бұрынғы тоқылған телпегін сақтаған”, “Қызымның кіндігін сақтап қойдым”, “Роза ханымның бастамасы бәрімізге үлгі екен”, “Әлиге ризамын, тап-таза қазақша сөйлеп отыр”, “Зейін үлкен жігіт болсын”, “Ұлымның тырнағы мен шашын сақтап қойдым”, “Роза апамыз ұқыпты екен”, – деп жазды көпшілік.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →