Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 17 қараша 2026 $ 445,1↑€ 490,5↑₽ 5,39↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Немерелері ән салды»: Мақпал Жүнісова анасының 90 жасын атап өтті • AI-Quryltai көмегімен алғашқы заң жобасы әзірленді • Көлікті лизингке алу тиімді ме? Вице-министр нақты жауаптан жалтарды • Тим Хенман 2026 жылдың үздік теннисшісі деп Елена Рыбакинаны таңдады • ҚазҰУ-дағы студент өлімі: екі басшы қызметінен босатылып, жауапты қызметкерлер тексеріліп жатыр • Тариф өседі, құбыр өзгермейді: Астанада коммуналдық төлем неге ресми инфляциядан озып барады? • «Немерелері ән салды»: Мақпал Жүнісова анасының 90 жасын атап өтті • AI-Quryltai көмегімен алғашқы заң жобасы әзірленді • Көлікті лизингке алу тиімді ме? Вице-министр нақты жауаптан жалтарды • Тим Хенман 2026 жылдың үздік теннисшісі деп Елена Рыбакинаны таңдады • ҚазҰУ-дағы студент өлімі: екі басшы қызметінен босатылып, жауапты қызметкерлер тексеріліп жатыр • Тариф өседі, құбыр өзгермейді: Астанада коммуналдық төлем неге ресми инфляциядан озып барады? •

    Президент қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

    Президент қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Жеңіс күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

    Құрметті отандастар!

    Сіздерді Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!

    Осы мерейлі күнді еліміздің әрбір азаматы ерекше көңіл-күймен қарсы алып, Жеңімпаз аға буынға шексіз ризашылығын білдіреді.

    Фашизмге қарсы сұрапыл соғыс халқымызға орасан зор қайғы-қасірет әкелді. Біздің қаһарман жауынгерлеріміз асқан ерлік пен батылдық танытып, азаттық пен әділдік жолында аянбай күресті. Жүз мыңдаған сарбазымыз ұрыс даласында қаза тапты. Тылдағы жұрт та адам айтқысыз қиындыққа қарамастан тынымсыз тер төгіп, Жеңісті жақындатуға өлшеусіз үлес қосты. Олар егіс алқабында, зауыттар мен фабрикаларда күн-түн демей жұмыс істеп, майданды қамтамасыз етті.

    Біз отандастарымыздың қайтпас қайсарлығы мен қажырлы еңбегін ешқашан ұмытпаймыз. Жанқиярлық пен ерліктің озық үлгісін көрсеткен батырларымыздың есімін әрдайым ұлықтаймыз. Ардагерлерімізге қамқорлық жасап, қолдау білдіреміз.

    Қазақстанда Жеңіс күніне орай көптеген іс-шара өткізіліп жатыр. Еліміз бойынша бес жүзге жуық көшені қаһарман ерлеріміздің атымен атау туралы шешім қабылданды. Ауқымды әскери шеру өтті. Мұның бәрі зұлмат соғыстың зардабын халқымыз ешқашан жадынан шығармауы үшін қажет.

    Біз Жеңіс күнінде бейбіт өмірдің қадірін ұғынып, достық пен тыныштықтың маңыздылығын терең түсінеміз. Осы мызғымас құндылықтар әрдайым халқымыздың әл-ауқатын арттырудың және Қазақстанды тұрақты дамытудың берік негізі болып қала береді. Мен бұған кәміл сенемін.

    Қадірлі ардагерлерімізге және барша отандастарымызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!

    Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →