Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 1 қазан 2026 $ 439,7↓€ 498,3↓₽ 5,25↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Бавариядағы форумда Қазақстанның агроөнеркәсіп әлеуетін таныстырды • «Шексіз құжат толтырма»: Депутаттар дерігерлердің жұмысын реттеу керектігін айтты • Моңғолиялық қазақ балуаны Азия ойындарында дзюдодан алтын алды • Әке иісі сәбидің бейтаныс адамдармен қарым-қатынасын жақсартады – зерттеу • Қарағандыда төрт жасар қыз алтыншы қабаттан құлап көз жұмды • Алматыда алғаш рет робот көмегімен асқазанға ота жасалды • Тоқаев Бавариядағы форумда Қазақстанның агроөнеркәсіп әлеуетін таныстырды • «Шексіз құжат толтырма»: Депутаттар дерігерлердің жұмысын реттеу керектігін айтты • Моңғолиялық қазақ балуаны Азия ойындарында дзюдодан алтын алды • Әке иісі сәбидің бейтаныс адамдармен қарым-қатынасын жақсартады – зерттеу • Қарағандыда төрт жасар қыз алтыншы қабаттан құлап көз жұмды • Алматыда алғаш рет робот көмегімен асқазанға ота жасалды •

    “”Жусан” бағдарламасымен келмеген” — полиция Маңғыстауда 3 баласын өлтірді деген күдіктіге қатысты ақпарат берді

    Маңғыстау облысының полиция департаменті Ақтауда үш баласын өлтірді деген күдікке ілінген ер адамның «Жусан» бағдарламасымен Сириядан келгені туралы ақпаратты жоққа шығарды, — деп хабарлайды  Qazaq.today Tengrinews.kz -ке сілтеме беріп.

    «Учаскелік полиция инспекторының биыл наурызда балаларын өлтірген Ақтау тұрғынына қатысты мәлімдемесі тексерілген. Полицей күдікті қазақстандықтарды Сириядан қайтару жөніндегі «Жусан» бағдарламасының қатысушысы болғанын және есепте тұрғанын айтқан еді.

    Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтіні анықталды. Сондықтан қызметкермен алдағы уақытта мұндай жағдайға жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді», — делінген хабарламада.

    Еске салайық, бұған дейін Ақтауда үш баласын өлтірді деген күдікпен олардың әкесі ұсталғаны хабарланған болатын.

     

    Qazaq.today 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →