Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 1 қазан 2026 $ 441,2↓€ 501,3↓₽ 5,22↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Әке иісі сәбидің бейтаныс адамдармен қарым-қатынасын жақсартады – зерттеу • Қарағандыда төрт жасар қыз алтыншы қабаттан құлап көз жұмды • Алматыда алғаш рет робот көмегімен асқазанға ота жасалды • Тоқаев Aurubis AG байқаушылар кеңесінің төрағасын қабылдады • Бернд Ульбрихт корпорация бастамаларына қолдау көрсеткені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты • Қазақстандық әртіс Қытайда «Жылдың әні» жүлдесін жеңіп алды • Әке иісі сәбидің бейтаныс адамдармен қарым-қатынасын жақсартады – зерттеу • Қарағандыда төрт жасар қыз алтыншы қабаттан құлап көз жұмды • Алматыда алғаш рет робот көмегімен асқазанға ота жасалды • Тоқаев Aurubis AG байқаушылар кеңесінің төрағасын қабылдады • Бернд Ульбрихт корпорация бастамаларына қолдау көрсеткені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты • Қазақстандық әртіс Қытайда «Жылдың әні» жүлдесін жеңіп алды •

    Қазақстанда 64 млн теңгенің қару-жарағы полицияға өткізілді

    Ел тұрғындары тапсырған қарулардың бағасы 64 млн теңгеге бағаланды. Бұл туралы Әкімшілік полиция комитетінің қару айналымын бақылау агенттігінің бастығы Асылбек Ыдырысов мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today.

    «Осындай акциялар барысында 11 жыл барлығы өтемді түрде жалпы соммасы 1,9 млрд теңге болатын 56 мыңнан астам бірлік атыс қаруы және 2 млн астам ойық қарудың патрондары ерікті түрде 46 мың адам тапсырған. Бұндай акциялардың тиімділігін соңғы 5 жылда қарумен жасалған қылмыстар саны жартысына дерлік азайғаны куәландырады (2016 жылы 389-дан 2021 жылы 192-ге дейін). Осы жылы осындай акция 10 сәуірден басталды, оны өткізуге республикалық бюджеттен 88 млн теңгеден астам қаражат бөлінді», — деді ол.

    Оның айтуынша, бүгінде полицияға ерікті түрде жалпы соммасы 64 млн болатын, 951 бірлік қару, 13 мыңнан астам оқ-дәрілер тапсырылды.

    «Оның 1,5 млн теңгесі 17 адамға төленді. Алдын ала мәліметтер бойынша Алматы қаласы, Абай, СҚО және Қостанай облыстарында бөлінген қаражатты игеруімен байланысты акция тоқтатылды. Қарудың ең көп тапсырылған саны Түркістан (95 бірлік), Қызылорда (94 бірлік), Жамбыл (85 бірлік), Абай (65 бірлік) Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында (60 бірлік)», — деді ол.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →