Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 15 қараша 2026 $ 445,1↑€ 490,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Барыс» ҚХЛ көшбасшысы «Металлургпен» Астанада кездеседі: тікелей эфир 17:00-де • Қазақстан шахматшылары Азия ұлттары кубогінде жеңіске жетті • Балалар арбасымен қоғамдық көлікке тыйым салынғаны туралы ақпарат жалған • «Чикаго» қақпашысының таяғы бортқа қысылып, «Виннипег» шайба соқты • Мирра Андреева WTA қорытынды турнирінің финалына шығып, 1,73 млн доллар тапты • Дариға Бадықова әжесінің жеті баламен жалғыз қалып, ешкімнен көмек сұрамағанын еске алды • «Барыс» ҚХЛ көшбасшысы «Металлургпен» Астанада кездеседі: тікелей эфир 17:00-де • Қазақстан шахматшылары Азия ұлттары кубогінде жеңіске жетті • Балалар арбасымен қоғамдық көлікке тыйым салынғаны туралы ақпарат жалған • «Чикаго» қақпашысының таяғы бортқа қысылып, «Виннипег» шайба соқты • Мирра Андреева WTA қорытынды турнирінің финалына шығып, 1,73 млн доллар тапты • Дариға Бадықова әжесінің жеті баламен жалғыз қалып, ешкімнен көмек сұрамағанын еске алды •

    «Сый-құрметті көтере білу керек»: Санжар Тәшкенбайдың көлік жүргізгені жұрттың сынына қалды (ВИДЕО)

    «Сый-құрметті көтере білу керек»: Санжар Тәшкенбайдың көлік жүргізгені жұрттың сынына қалды (ВИДЕО)

    Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов қазақстандық боксшыға ескерту жасады, деп хабарлады Qazaq.today ақпарат порталы. 

    «Боксшыларды өте жақсы танимыз. Барынша ақпараттық қолдау танытып жүрміз. Бірақ, артық кетіп бара жатса, сынап та алатыным бар. Бүгін ұлттық құрама өкілдері өзара бас қосып, көлікпен сауық құрған видео жарияланды. Әсіресе, Санжар Тәшкенбай тізгіндеген темір тұлпардың сағатына 174 шақырыммен кетіп бара жатқанын көріп шошыдым. Шошыдым әрі алаңдадым. Сонша қайда асықтыңдар және осындай видео жариялаудың қажеті қанша?!», деген сауал қойды ол.

    Сондай-ақ автор спортшыларға кеңес бере кеткен.

    «Жігіттер, иә чемпионсыңдар. Халық та соны бағалап, аузынан жырып барын беріп жатыр. Бірақ, сый-құрметті көтере білу керек. Қарапайым адамдар жылдамдықты жетпіске жеткізсе, айыппұл арқалап, төлей алмай қиналады. Ал, мына жерде — 174! Екіншіден, қауіпсіздік. Жолда небір жағдай болады. Құдай сақтасын, әрине. Өздеріңді де, өзгені де қауіпке тікпеңдер. Сәл жерге түсіңдер. Керісінше, көпке үлгі болуларың керек. Сәттілік!», — деп жазды А. Қаженов.

     

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

     

    Публикация от Інжу-Маржан (@inzhumarzhan55)

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →