Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 12 қазан 2026 $ 453,4↓€ 507,8↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Пайызсыз» дегеннің нақты бағасы 37 пайыз: бөліп төлеу неге көрінбейтін қарызға айналды? • «Саған мұңымды шағамын»: Нұрғали Нүсіпжанов әйелі Жадыра туралы жазды • Зообақтағы Алтай атты жолбарыс жас жігітті жұрттың алдында талап өлтірді (ВИДЕО) • БҚО-да 126 мың теңгеге таласқан құдалар соттан бірақ шықты • Бес мыңға жуық науқасқа ағза трансплантациясы қажет • «Қара көзілдірік тағып алған»: Астанада ер адам мектепте оқитын қыз баланы үйіне дейін аңдыған • «Пайызсыз» дегеннің нақты бағасы 37 пайыз: бөліп төлеу неге көрінбейтін қарызға айналды? • «Саған мұңымды шағамын»: Нұрғали Нүсіпжанов әйелі Жадыра туралы жазды • Зообақтағы Алтай атты жолбарыс жас жігітті жұрттың алдында талап өлтірді (ВИДЕО) • БҚО-да 126 мың теңгеге таласқан құдалар соттан бірақ шықты • Бес мыңға жуық науқасқа ағза трансплантациясы қажет • «Қара көзілдірік тағып алған»: Астанада ер адам мектепте оқитын қыз баланы үйіне дейін аңдыған •

    46 жастағы СҚО тұрғыны алғаш рет жеке куәлік алды

    Солтүстік Қазақстан облысында 46 жастағы ер адам алғаш рет жеке куәлік алды, деп хабарлады Qazaq.today halyq-uni-не сілтеме жасап. 

    Қызылжар аудандық пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері көші-қон қызметімен бірлесіп, сотталған азаматқа жеке куәлік алуға көмектесті. Инспекторлар қазақстандықты тұрғылықты жері бойынша тіркеп, оған құжатын берген.

    Сотталған адамның туу туралы куәлігі мен басқа да маңызды құжаты бала кезінде жоғалған. Салдарынан жаңа құжаттарды рәсімдеу қиынға соққан. Енді ер адамның барлық мемлекеттік қызметті толық алуға, жұмысқа орналасуға, сондай-ақ медициналық және әлеуметтік көмекке жүгінуге мүмкіндігі бар.

    Құжатты алуға көмектескен пробация қызметкерлеріне алғыс айтамын. Инспекторлар өтінішіме жедел жауап берді әрі барлық рәсім тез өтті. Енді ресми түрде жұмысқа орналасып, анама көмектесіп, жаңа өмір бастағым келеді, — деді қазақстандық қуанышын жасыра алмай.

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →