Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда тауда адасқан екі жасөспірімді құтқарушылар тауып алды • Ыстанбұлда қаза тапқан Айсұлу Бекмаханованың ісіне қатысты тың деректер белгілі болды • Корал Харт ЖИ көмегімен 370-тен астам кітап шығарып, $1 млн табыс тапты • Жасанды интеллект: адамзат мүмкіндіктерін кеңейту мен қауіптер арасындағы тепе-теңдік • Қытай кредиттері: Пакистан 22,38 млрд доллар қарызбен көш бастады • Астанадағы әлем чемпионаты: Қазақстан екі қола медаль алды • Алматыда тауда адасқан екі жасөспірімді құтқарушылар тауып алды • Ыстанбұлда қаза тапқан Айсұлу Бекмаханованың ісіне қатысты тың деректер белгілі болды • Корал Харт ЖИ көмегімен 370-тен астам кітап шығарып, $1 млн табыс тапты • Жасанды интеллект: адамзат мүмкіндіктерін кеңейту мен қауіптер арасындағы тепе-теңдік • Қытай кредиттері: Пакистан 22,38 млрд доллар қарызбен көш бастады • Астанадағы әлем чемпионаты: Қазақстан екі қола медаль алды •

    Қазақстандық пара спортшы әлемдік дода күміс жүлдегер атанды

    Қазақстандық пара спортшы әлемдік дода күміс жүлдегер атанды

    Пара үстел теннисінен Испанияда өткен ITTF World Para Future Costa Brava 2025 халықаралық турнирінде қазақстандық Алтынай Ержанқызы күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Дүбірлі додада 29 елден 164 спортшы күш сынасты. Елорда әкімдігінің мәліметінше, Қазақстан намысын қорғаған астаналық спортшы Алтынай Ержанқызы аралас жұптық (XD20) санатында өнер көрсетіп, күміс жүлдеге қол жеткізді.

    «Бұл турнир мен үшін үлкен тәжірибе болды. Әрбір ойын – өз алдына бір сынақ, бар күшімді салып, елімнің намысын абыроймен қорғауға тырыстым. Қасымдағы серіктесіммен жақсы үйлесім тауып, жоғары нәтиже көрсете алдық. Әрине, алтын жүлдеге бір қадам жетпей қалғанымыз өкінішті, бірақ бұл – жаңа белестерге ұмтылуға үлкен мотивация.

    Жеңісіме қолдау білдірген бапкерлеріме, жанкүйерлеріме, отбасыма алғыс айтамын. Бұл – мені қолдаған барша жанның ортақ жетістігі!» – дейді Алтынай Ержанқызы.

    Фото: Астана әкімдігі

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →