Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 10 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Спорт, IT және ғылым: Нұрасыл Медеу KNUS пен Kairu-дың болашақ жоспарын айтты • Түркияда 2026 жылдан бастап 15 жасқа толмағандарға әлеуметтік желіге тыйым салынады • Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді • Жігер Ауыпбаев пен әйелінің TikTok видеолары сынға ұшырады • Ұлттық музейде «Музей – білім беру кеңістігі» семинары өтті • Өскеменде түрме аумағына тыйым салынған зат лақтыруға әрекет жасалды • Спорт, IT және ғылым: Нұрасыл Медеу KNUS пен Kairu-дың болашақ жоспарын айтты • Түркияда 2026 жылдан бастап 15 жасқа толмағандарға әлеуметтік желіге тыйым салынады • Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді • Жігер Ауыпбаев пен әйелінің TikTok видеолары сынға ұшырады • Ұлттық музейде «Музей – білім беру кеңістігі» семинары өтті • Өскеменде түрме аумағына тыйым салынған зат лақтыруға әрекет жасалды •

    «Шымкенттік қыздардың сәлем салуы мен үшін жабайылық болды»: продюсер Баян Алагөзова оңтүстіктің дәстүрін қолдамайтынын айтты (ВИДЕО)

    «Шымкенттік қыздардың сәлем салуы мен үшін жабайылық болды»: продюсер Баян Алагөзова оңтүстіктің дәстүрін қолдамайтынын айтты (ВИДЕО)

    Фото: Dina Tolepbergen/YouTube/Видеодан скрин

    Танымал продюсер Баян Мақсатқызы сәлем салу дәстүрі туралы мәселені көтеріп, өзінің ешқашан сәлем салмайтынын айтты, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Ол өз сөзінде туып-өскен жерінде қыз балалар еркін өсетінін ерекше қозғап өтті.

    «Маған ешқашан да ер адамға бас ию дегенді үйреткен емес. Алматыға барғанымда Шымкенттен келген қыздардың үнемі иіліп, сәлем салуы мен үшін өте жабайылық болды. Не үшін иілесің десем бұл қалыпты жағдай, солай болуы керек дейді. Кешіріңіздер, мен әкемді құрметтеймін. Атама деген құрметім шексіз. Үлкендерге, ер адамдарға құрметпен қараймын. Бірақ иіліп, сәлем салу деген менде атымен жоқ. Маған оны үйретпеген. Үйрете де алмайды. Бұл – менің таңдауым. Мені әжем еркін өсіріп, тәрбиелеген», — дейді Баян Алагөзова.

    Ол сөзін жалғай отырып, КСРО заманында нәзікжандылар арасында халық қаһармандары үнемі өзінің туып-өскен қаласы Орал мен Ақтөбеден шыққанын тілге тиек етті.

    «Батыста біздің қыздар еркіндікті жақсы көреді. Дәл осы жақта туып-өскеніме қатты қуанамын», — дейді Баян Мақсатқызы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →