Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 14 тамыз 2026 $ 465,3 536,2 5,61
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Түркістан облысында тұрғындар жылдар бойы лай су ішіп келеді Кентауда Төлеби көшесінің тұрғындары тротуар мен суағардың жоқтығынан зардап шегуде Астанада жемқорлықпен ұрланған 7 млрд теңгеге жаңа мектеп салынатын болды Тоқаев Пәкістан Президенті мен Премьер-министріне құттықтау жолдады Садыр Жапаров 2027 жылғы президенттік сайлауға түсетінін мәлімдеді «Стресс пен қысым»: Ангелина Лукас спорттық мансабын тоқтатады Түркістан облысында тұрғындар жылдар бойы лай су ішіп келеді Кентауда Төлеби көшесінің тұрғындары тротуар мен суағардың жоқтығынан зардап шегуде Астанада жемқорлықпен ұрланған 7 млрд теңгеге жаңа мектеп салынатын болды Тоқаев Пәкістан Президенті мен Премьер-министріне құттықтау жолдады Садыр Жапаров 2027 жылғы президенттік сайлауға түсетінін мәлімдеді «Стресс пен қысым»: Ангелина Лукас спорттық мансабын тоқтатады

    Жағымды жаңалық: Ипотекалық несиенің пайыздық мөлшері төмендемек

    Жағымды жаңалық: Ипотекалық несиенің пайыздық мөлшері төмендемек

    Қазақстанда ипотекалық қарыз бойынша жылдық тиімді сыйақы ставкасының шекті мөлшері 20 пайызға дейін төмендеуі мүмкін. Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тиісті қаулы жобасын әзірледі. Халыққа тиімді құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Ұлттық банк пен Агенттік ипотека бойынша максималды пайызды төмендету арқылы ипотекалық тұрғын үй қарыздарының қолжетімділігін арттыруды көздеп отыр.

    Аталған қаулы жобасы 26 наурызға дейін қоғам талқысына шығарылды.

    Қаулы жобасына сәйкес, ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшері 25 пайыздан 20 пайызға дейін төмендейді.

    Ал қалған несиелер бойынша ЖТСМ шекті мөлшері өзгермейді: кепілсіз банк қарыздары бойынша – 46 пайыз; кепілмен қамтамасыз етілген банк қарыздары бойынша – 35 пайыз.

    Фото: en.iz.ru

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →