Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 453,3↑€ 508,7↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Атырауда жас жігіт әйелдер дәретханасында аңдумен ұсталды • Өзбекстанда кино жүйесі өзгереді: мемлекеттік тапсырыс орнына субсидия • Непалдағы Гималайда хабар-ошарсыз кеткен екі жапониялық альпинистің қаза тапқаны анықталды • Алматыда халықаралық шахмат турнирі басталды: 25 млн теңге жүлде қоры • Үндістандағы Тамилнад штатында нөсер жаңбыр мен найзағайдан 14 адам қаза тапты • «Барыс» сырт алаңда «Автомобилистке» 1:4 есебімен жол берді • Атырауда жас жігіт әйелдер дәретханасында аңдумен ұсталды • Өзбекстанда кино жүйесі өзгереді: мемлекеттік тапсырыс орнына субсидия • Непалдағы Гималайда хабар-ошарсыз кеткен екі жапониялық альпинистің қаза тапқаны анықталды • Алматыда халықаралық шахмат турнирі басталды: 25 млн теңге жүлде қоры • Үндістандағы Тамилнад штатында нөсер жаңбыр мен найзағайдан 14 адам қаза тапты • «Барыс» сырт алаңда «Автомобилистке» 1:4 есебімен жол берді •

    Жәнібек Әлімханұлының Астанадағы бокс кешіне билеттер сатылымға шықты

    Жәнібек Әлімханұлының Астанадағы бокс кешіне билеттер сатылымға шықты

    Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/Kazinform

    Орта салмақта WBO және IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының (16-0, 11КО) 5 сәуір күні Астана қаласында өтетін бокс кешіне билеттер сатылымға шықты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Яндекс афиша сайтындағы билеттердің құны 20 мың теңгеден басталып, ең қымбаты 255 мыңтеңгеге бағаланып отыр.

    Айта кетерлігі, бокс кешін қазақстандық Nomad Promotions компаниясы ұйымдастырып, ESPN телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.

    Еске сала кетсек, Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегінде Анауэль Нгамиссенгуге (14-0, 9КО) қарсы чемпиондық белдіктерін қорғайды.

    Аталған бокс кешінде бүгінде ұлттық құрама сапында ел намысын қорғап жүрген ағайынды Сабырхандар шаршы алаңда кәсіпқой бокста бақтарын сынап көрмек.

    Ағайынды боксшылардың қарсыласы әзірге анықталмаған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →