Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 11 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Зейнетақы жарналарын еңбек өтіліне есептеу тәртібі нақтыланбақ • Қазақстанда А(H1N1)pdm09 тұмауының алғашқы бес жағдайы тіркелді • Медицина қызметкерлерінің мәртебесі туралы заң жобасы талқыланды • Қырғызстан азаматы Қазақстан арқылы 182,3 млн теңгелік алтынды заңсыз өткізбек болды • «Таза Қазақстан»: Қазақмыс жұмыскерлері Жезқазғанда 5 мыңға жуық ағаш отырғызды • Абай университетінде көшпенділік мәдениетіне арналған халықаралық конференция өтті • Зейнетақы жарналарын еңбек өтіліне есептеу тәртібі нақтыланбақ • Қазақстанда А(H1N1)pdm09 тұмауының алғашқы бес жағдайы тіркелді • Медицина қызметкерлерінің мәртебесі туралы заң жобасы талқыланды • Қырғызстан азаматы Қазақстан арқылы 182,3 млн теңгелік алтынды заңсыз өткізбек болды • «Таза Қазақстан»: Қазақмыс жұмыскерлері Жезқазғанда 5 мыңға жуық ағаш отырғызды • Абай университетінде көшпенділік мәдениетіне арналған халықаралық конференция өтті •

    Шымкентте бандиттер де жауапты қызметке тағайындалған — заңгер Айгүл Орынбек

    Шымкентте бандиттер де жауапты қызметке тағайындалған — заңгер Айгүл Орынбек

    Заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек Шымкент қаласындағы кадрлық тағайындауларға көңілі толмайтынын мәлімдеді. Ол Шымкентте бандиттердің лауазымды қызметке келгенін жазды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

    “Шымкент қаласының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жаңа басшысының назарына!

    Ең бірінші Шымкент қаласының дін істері басқарма басшысын ауыстыруды сұраймын!Шымкенттің идеологиясын қатырмаған адам, діни басқармасын қатырады деп ойламаймын!Химиядан сабақ берген ағай, діни басқарманы қалай басқарып отыр?! Біз қай мазхабты ұстанатынымызды біледі ме екен?», — деді заңгер.

    Оның айтуынша, Шымкент қаласында бандиттерден бастап, мемлекеттік қызмет тестінен өтпей қалғандар да жауапты қызметке тағайындалған.

    «Үш жыл бойы жеке діни мектеп мұрындарының астында жұмыс істеп келген. Соны ішкі саясат, дін істер басқарма басшылары неге білмеген?Бұл дегеніміз яғни әр маман өз саласымен жұмыс жасап жатқан жоқ!

    Шымкентте кадрлық тағайындауларға араласа бермейтін едім.  Бірақ білім және дін және ішкі саясат басқармалары ойнайтын жер емес. Арнайы кадрлық тексеру жүргізуіңізді сұраймын!

    Әйтпесе бандиттерден бастап, туған жылын ауыстырып, мемлекеттік қызмет тестінен өтпей қалғандар жауапты қызметке тағайындалып кеткен. Дұрыс тағайындалмаған кадр қаланың құлдырауына әкеліп соғады!”, — деп жазды ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →