Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 15 шілде 2026 $ 475,2 541,3 6,20
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Жалғас Жұмағұлов UFC-дің экс-жауынгерін жеңді

    Жалғас Жұмағұлов UFC-дің экс-жауынгерін жеңді

    Фото: Josh Hedges/Getty Images

    Қазақ ММА жауынгері Жалғас Жұмағұлов Павлодарда өткен Fight Nights турнирінде америкалық Джастин Скоггинсты жеңді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Қазақстандық спортшы UFC-дің экс-жауынгерін төрешілер шешімімен ұтты. Осылайша, Жұмағұловтың бокстағы екінші кездесуі де жеңіспен аяқталды.

    Айта кетейік, Жалғас кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсан айында өткізген еді. Отандасымыз Норвегия спортшысы Раванда Оубуды төрешілер шешімімен ұтқан.

    Жалғас Жұмағұлов аралас жекпе-жекте 26 рет октагонға шығып, оның 17 жеңіспен, 9 кездесуді жеңіліспен аяқтаған. Соңғы рет спортшы 2024 жылдың қазан айында Словакияның Братислава қаласында Octagon MMA лигасында Уэльс спортшысы Аарон Эйбиді жеңген еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →